Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жыл соңына дейін eGov GPT арқылы 150-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсету жоспарланып отыр

Жыл соңына дейін eGov GPT арқылы 150-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсету жоспарланып отыр
Фото: primeminister.kz

Digital Qazaqstan стратегиясын жүзеге асыру аясында 2029 жылға дейін елімізде жасанды интеллект қолданылатын цифрлық бастамаларды мониторинг жүргізудің бірыңғай тұтас жүйесі қалыптастырылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2029 жылға дейінгі Digital Qazaqstan стратегиясы бекітілді. Үкімет Стратегияны жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекітті. Іс-шаралар, мерзімдер және жауапты мемлекеттік органдар айқындалды. Жоспардың орындалу барысы жасанды интеллект көмегімен бақыланады. Мониторинг мерзімдерді, қаржыландыруды және туындайтын тәуекелдерді қамтиды. Осылайша, барлық кезеңді қамтитын бірыңғай жүйе қалыптастырылды.

Қазақстанның цифрлық бастамалары AI-экономиканың әлемде қалыптасқан құрылымына сәйкес келеді. Бес деңгей бойынша жобалар іске қосылып, жүзеге асырылуда. Осылайша, AI-экономиканың барлық құрамдас бөлігі Digital Qazaqstan стратегиясында қамтылған. 

Стратегияны жүзеге асыру бойынша. 20 негізгі бағыт айқындалды. Олар азаматтарды, бизнесті, мемлекеттік аппарат пен өңірлерді қамтиды. Сонымен қатар цифрлық мемлекет құруға қажетті негізді қалыптастыру көзделген. Осы бағыттарды уақтылы жүзеге асыру үшін бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі белгіленін атап өту қажет.

Мемлекеттік қызметтердің цифрлық экожүйесінің негізі – QazTech платформасы. Цифрлық жүйелерді көшіру бойынша биылғы жоспар 92%-ға орындалды. QazTech мемлекеттік сервистер мен деректерді бірыңғай цифрлық платформада біріктіреді. Бұл «Өмір жолы» қағидатына көшуге негіз болады. Яғни, қызметтер проактивті түрде, азаматтардың өміріндегі маңызды жағдайларға сәйкес көрсетіледі. 

«Әлеуметтік әмиян» проактивті әлеуметтік қолдау көрсетуді қамтамасыз етіп, 3 млн пайдаланушыны қамтиды. 

e-Otinish-тегі жасанды интеллект көмегімен 3,2 млн-нан астам өтініш өңделді. eGov GPT арқылы 51 қызмет қолжетімді.

Жыл соңына дейін жалпы трафиктің 80%-ын құрайтын жоғары сұранысқа ие 150 қызмет қамтылады. 

2028 жылға қарай жасанды интеллект негізіндегі қызметтердің үлесін 40%-ға жеткізу, ал 2029 жылға қарай қызмет алу уақытын екі есе қысқарту көзделген. 

«Сонымен қатар ЦОН-дардың жұмыс форматын өзгертудеміз. Жаңа халықтың цифрлық кеңселерінде азаматтар қызметтерді eGov GPT цифрлық көмекшісі орнатылған терминалдар арқылы өз бетінше ала алады. Қажет болған жағдайда консультант көмектеседі. Қазір 4 өңірде 5 цифрлық кеңсе ашылды. Тағы 10 өңірде қаржыландыру мәселесі шешілді. Әкімдіктер ғимараттарды дайындауды аяқтап, кеңселерді жыл соңына дейін ашу қажет. Қалған алты өңірде жұмысты жеделдетіп, қаржыландыруды қамтамасыз ету және кеңселердің ашылу күндерін нақты белгілеу қажет. Жаңа форматтағы қызметтер барлық өңірде қолжетімді болуы тиіс», — деп түсіндірді министр. 

Келесі бағыт – өңірлерді цифрлық трансформациялау. Өңірлерде Smart City шешімдері енгізілуде: дрондарға арналған инфрақұрылым, су ресурстары мен қалалық сервистерді басқару және аурулардың AI-диагностикасы. Алайда жүйелі тәсіл әзірге қалыптаспаған. Шешімдер бір-бірінен бөлек дамып, өзара интеграцияланбаған. Осы ретте Астана қаласы әкімдігінің жұмысы ерекше атап өтілді. Елорда AI-Native City шешімдерін белсенді енгізуде. WIPO City of Innovation бастамасы аясында әлемнің үздік 15 қаласының қатарына енді. Алматы да осы модельге көшуде. 

«Біздің міндетіміз – ортақ деректер, есептеу қуаттары мен ахуалдық орталықтар негізінде шешімдерді біріктіру. Озық тәжірибелер бүкіл ел бойынша жүйелі түрде енгізілуі тиіс. Бұл көлік, коммуналдық инфрақұрылымды және қауіпсіздікті кешенді басқаруға мүмкіндік береді. Бүгінде Smart City шешімдері қала халқының 25%-ын қамтиды. 2027 жылы көрсеткішті 50%-ға, ал 2028 жылы 70%-ға жеткізу жоспарлануда», — деді спикер. 

Заманауи телеком-инфрақұрылымды дамыту бойынша негізгі жоба жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Транс-Каспий талшықты-оптикалық байланыс желісі бойынша Әзербайжанның Сумгаит жағалауынан Ақтауға дейін 390 шақырым кабель төселді. Желіні осы айда іске қосу жоспарланған. 20-дан астам қалада 5G желісінің 4 мыңнан астам базалық станcaсы орнатылды. Beeline және Starlink Mobile компанияларымен бірлесіп, Direct-to-Cell технологиясы іске қосылды.

Ол спутник пен смартфон арасындағы тікелей байланыс арқылы елдің кез келген нүктесінде хабарлама жіберуге және интернеттің базалық қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді. Технология Android-та қолжетімді, ал iOS бойынша жұмыс жалғасуда. 50 теміржол бағыты бойынша жүретін 124 пойыздың 1 500 вагоны интернетпен қамтылды. 7 ұшақ пен 50 туристік нысанды интернетке қосу жұмыстары жалғасуда. Жалпы ұзындығы 4 511 шақырым болатын «Батыс – Шығыс» гипермагистралінің жартысы тартылды. Жыл соңына дейін пайдалануға береміз. Интернетке 370 ауыл қосылды. 12 мыңға жуық шақырым байланыс желісі тартылды.

Биылғы жоспар – 1 600 ауылды интернетке қосу. 2027 жылы облыстық және республикалық маңызы бар 40 мың шақырым автожолды байланыспен қамту жоспарланған. Бұл үшін 500-ден астам антенна-мачталық құрылым орнату көзделген. 

Жасанды интеллектіні қолдану үшін деректерді басқарудың бірыңғай жүйесі қалыптастырылуда. Smart Data Ukimet негізінде қаржы, денсаулық сақтау және көлік салаларында дерек көлдері дамуда. Келесі жылы энергетика, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығында да дерек көлдерін іске қосу көзделген. Жалпы кемінде 10 салалық data lake құру жоспарланған.

«Қажетті нормативтік негіз қалыптастырылды. 2029 жылға қарай: мемлекеттік органдардың кемінде 80%-ы деректерді басқарудың нысаналы дайындық деңгейіне қол жеткізуі, деректер жиынтықтарының кемінде 90%-ы сапа талаптарына сай болуы тиіс. Дербес деректерге қол жеткізуді бақылау сервисіне 481 цифрлық жүйе қосылды. Барлық мемлекеттік жүйелер қамтылды. 100 пайыздық нысаналы көрсеткішке қол жеткізілді. Қаңтар–тамыз аралығында eGov-та 370 млн-нан астам сұрау өңделді. Келісімді кері қайтарып алудың 719 мың жағдайы тіркелді», — деді Жаслан Мәдиев. 

Сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына аса маңызды 432 цифрлық нысанның 130-ы ғана қосылған. Спикердің айтуынша, жыл соңына дейін тағы 86 нысан қосып, қамтуды 50%-ға жеткізу қажет. 2027 жылы қамтуды 70%-ға, ал 2028 жылы 90%-ға жеткізу көзделген. 

«Кибермәдениетті де дамытудамыз. Қыркүйек Киберқауіпсіздік айы деп жарияланды. Оқыту іс-шаралары, кездесулер және өңірлік форумдар өткізілді. Киберқауіпсіздік мамандарын даярлау үшін 12 жоғары оқу орнында гранттар бөлінген. 2030 жылға қарай гранттар санын шамамен 16,5 мыңға жеткізу жоспарланған. Келесі бағыт – бәсекеге қабілетті ұлттық IT-экожүйені дамыту. Astana Hub 2 500-ден астам резидентті біріктіруде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның IT-қызметтер экспорты $1,1 млрд-тан асты. Alem Ventures арқылы көлемі $115 млн болатын венчурлық қорлар қоры құрылды. Елімізде мықты технологиялық компаниялар қалыптасып, бәсекеге қабілетті IT-өнімдер жасалды», — деп атап өтті министр. 

Инженерлер мен зерттеушілерді даярлау үшін Qazaq AI Research University ашылды. Бұл – Орталық Азиядағы алғашқы AI-Enabled университет. Network School іске қосылды. Онда отандық және шетелдік IT-инженерлер жаһандық нарыққа IT-қызметтерді экспорттауға дайындалады.

Спикердің айтуынша, Trusted Kazakhstan арқылы дарынды мамандар мен инвесторлар тартылуда. Digital Nomad Visa / Residency бағдарламасына 80 елден 1 900-ден астам өтінім түскен. 

Сонымен қатар стратегиялық инвесторларға арналған Altyn Visa іске қосылуда. Астана мен өңірлерде IT-хабтардың инфрақұрылымы кеңейтілуде. Халықаралық хабтар желісі АҚШ, Қытай, Малайзия және Біріккен Араб Әмірліктерін қамтиды. Ұлыбританияда Eurasian Hub ашу жұмыстары жүргізілуде. 

2029 жылға қарай IT-экспортты кемінде $2 млрд-қа жеткізу және кемінде үш unicorn-компания қалыптастыру жоспарланған.

«Мемлекеттік басқарудың платформалық моделіне көшудеміз. Жасанды интеллект қазірдің өзінде өтініштерді өңдеу, хаттамалар дайындау және аударма жасау үшін қолданылуда. Мемлекеттік қызметшілер AI-құралдарын өз бетінше әзірлеуді үйренуде. Суперкомпьютерлердің есептеу қуаттары стартаптарға, жоғары оқу орындарына, мемлекеттік органдар мен компанияларға қолжетімді», — деді ол. 

Ұлттық жасанды интеллект платформасы AI-шешімдерін әзірлеуге арналған бірыңғай орта ұсынады. Сондай-ақ тренингтерге, деректер жиынтықтары мен үлкен тілдік модельдерге қолжетімділік ашылды. Бұл өз бетінше білім алуға және экономиканың түрлі салаларына арналған AI-өнімдерін әзірлеуге, осы құралдарды кеңінен қолдану күнделікті қайталанатын операцияларды автоматтандыруға мүмкіндік береді. 

2029 жылға қарай ведомствоаралық өзара іс-қимыл мерзімдері екі есе қысқарып, мемлекеттік қызметшілердің операциялық жүктемесі 30% деңгейіне дейін төмендеуі тиіс. 

Цифрлық экономиканың басты жобаларының бірі – қуаты кемінде 1 гигаватт болатын «Дата орталықтар алқабы». Екібастұзда жер учаскесі бөлінді. Жоба операторы анықталды. Инженерлік инфрақұрылым және ГРЭС-1-ден электр энергиясымен қамтамасыз етілді. Алғашқы нысандардың құрылысы басталды.

«Келесі жылы жалпы қуаты 186 мегаватт болатын дата орталықтарды пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. 2028 жылдың екінші тоқсанында тағы 109 мегаватт қуатты іске қосу көзделген. Firebird AI компаниясымен $10 млрд көлеміндегі келісімдерге қол қойылды. Жобаға 20-дан астам халықаралық технологиялық компания мен инвестор қызығушылық танытып отыр. Біздің міндетіміз – есептеу қуаттарының өңірдегі ең ірі хабын қалыптастыру», — деп толықтырды министр.

Тағы бір бағыт – отандық спутниктік жүйелерді дамыту және экспортқа шығу. Байланысты 2 KazSat спутнигі қамтамасыз етуде. Кіріс көлемі – 72 млрд теңге. 

2029 жылға дейін қолданыстағы аппараттарды алмастыру үшін KazSat-3R спутнигін жасау көзделген. Жерді қашықтан зондтау жүйесінде 3 спутник жұмыс істейді. Космомониторингтің бес жылдағы экономикалық тиімділігі 977 миллиард теңгені құрады. 

Түсірілімнің дәлдігін арттыру және қамту аумағын кеңейту үшін 6 жаңа спутник жасау көзделген. Олардың үшеуі – жоғары, үшеуі – орташа рұқсаттамадағы аппараттар. Моңғолия, Конго және Нигериямен 3 экспорттық жоба жүзеге асырылуда. Экспорт көлемі $70 млн-ды құрайды. 2030 жылға қарай 14 спутниктен тұратын халықаралық топтама құру жоспарланған.

«Келесі жаңа сала – робототехника және Physical AI. Робототехникада инженерлер даярлауды отандық өндірісті дамытумен ұштастырып отырмыз», — деді ол. 

Астана мен Алматыда халықаралық серіктестермен бірлескен жобалар жүзеге асырылуда. Олар технологияларды локализациялау, зерттеулер жүргізуді және мамандарға тиісті білім мен дағдыларды беруді көздейді. Екі зауыттың да құрылысын келесі жылы аяқтау жоспарланған. 

Сонымен қатар педагогтер даярланып, мектеп зертханалары дамытылуда. Пилотсыз жүйелерді және төмен биіктіктер экономикасы дамып келеді. Астана, Алматы және Қосшыда жүргізушісіз такси бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. 

Алматыда дрон арқылы жеткізу қызметі пилоттық режимде іске қосылды. Астана мен Алатауда әуе таксиінің демонстрациялық ұшулары өткізілді. Осындай аппараттарды пайдалану және қону инфрақұрылымын дамыту үшін заңнамаға өзгерістер енгізілді. 

Сонымен қатар отандық дрон өндірісі дамуда. 2027 жылы жүргізушісіз таксимен коммерциялық тасымалды бастау және дрон арқылы жеткізу ауқымын кеңейту жоспарланған. 2028 жылы әуе таксиінің коммерциялық ұшуларын бастау көзделген. 

Әр кезеңдегі басымдық – қауіпсіздік пен инфрақұрылымның дайындығы. 

Нарықты дамытуға қажетті құқықтық негіз қалыптастырылды. «Цифрлық активтер туралы» заң қабылданды. Мемлекет басшысы «Цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

Жарлық келесі шараларды көздейді: 

  • криптовалюта айналымын реттеу аясына енгізу, 

  • салықтық ынталандыру, 

  • ілеспе мұнай газын цифрлық майнингке пайдалану. 

12 қыркүйекте қуаты 90 мегаватт болатын стратегиялық цифрлық майнинг жобасы іске қосылды. Электр энергиясын өндіретін жаңа қуаттарға инвестиция тарту үшін «70/30» тетігі көзделген. CryptoPay қазірдің өзінде 5 мыңнан астам сауда нүктесінде қолжетімді. Аталған жобалар «Digital Qazaqstan» стратегиясында көзделген бес деңгейдің барлығын қамтиды. 

«Біздің міндетіміз – жобалардың белгіленген мерзімде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Нәтиже өнімділіктің артуымен, жаңа салалардың дамуымен және азаматтардың өмір сүру сапасының жақсаруымен өлшенуі тиіс», — деп түйіндеді сөзін Жаслан Мәдиев. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
129 комментариев
  • Shad
  • 08-11-2026, 00:36
  • : 00:36
References: Payid australia casino payid deposit pokies
  • Beryl
  • 08-11-2026, 06:23
  • : 06:23
References: Mobile casino bank transfer australia www.bzsbs.cn
  • Belle
  • 08-11-2026, 06:37
  • : 06:37
References: Wire transfer betting sites australia https://hedgedoc.ludos-disciplinarum-misi.fyi/Sq9-kGhbTFeUF-T2vvKx9Q
Our experts have done extensive and elaborate research into determining the highest-ranked online casinos for Australian players that feature PayID payments. Begin by selecting Australian online pokies PayID casinos that prioritise fair gameplay and provide a secure environment. To initiate the use of the pokies PayID method, you’ll need to first establish an account with an Aussie bank and attach an identifier. Instead of sharing your card/BSB number and other details, simply enter a unique code linked to your bank account. Options like POLi, BPAY, and Cryptocurrencies have gained popularity among Aussie players for their reliability and convenience. Sometimes, you have to activate appropriate PayID pokies Australia no deposit bonus codes.
  • Sherman
  • 08-11-2026, 21:33
  • : 21:33
References: How to use neosurf at casino australia neosurf casino fast payout australia
  • Jerome
  • 09-11-2026, 03:38
  • : 03:38
References: Paysafecard real money casinos canada best paysafecard casino bonus canada
  • Joesph
  • 09-11-2026, 04:01
  • : 04:01
References: Paysafecard casino quebec 1 deposit casino paysafecard canada
  • Raphael
  • 09-11-2026, 04:51
  • : 04:51
This is the standard flow across $20 Neosurf voucher casinos in Australia, and it’s why the voucher casino Australia route is popular for a $20 Neosurf voucher casino Australia deposit. Buy a $20 voucher, go to the cashier, choose Neosurf, and enter the neosurf voucher PIN code. Boho Casino runs the most active promotions calendar of the group. References: forum.sfnl.scot
  • Jacob
  • 09-11-2026, 19:03
  • : 19:03
References: Payid pokies online australia top payid casinos australia
  • Essie
  • 10-11-2026, 00:30
  • : 00:30
References: Im casino mit sofort bezahlen online casinos sofortüberweisung
  • Flor
  • 10-11-2026, 02:17
  • : 02:17
References: Payid pokies list payid pokies australia real money
  • Lin
  • 10-11-2026, 03:02
  • : 03:02
References: Top klarna casinos klarna auszahlung casino
  • Oren
  • 10-11-2026, 05:39
  • : 05:39
References: Casino willkommensbonus sofortüberweisung online casino sofort bezahlen
References: Online slots sofortüberweisung spielothek mit sofortüberweisung
  • Amy
  • 10-11-2026, 17:53
  • : 17:53
References: Beste online casinos mit sofortüberweisung online casino sofort einzahlung
  • Reyes
  • 11-11-2026, 06:50
  • : 06:50
You’ll find that the "best bpay casino australia" listings are littered with marketing fluff promising "instant funding" while the actual transaction drags its feet for hours, sometimes days. Bpay, the century‑old bill‑pay system, somehow survived the rise of instant wallets and now tries to masquerade as a "fast" casino deposit method. You’ll need an active Australian bank account with online banking access and registration at a casino that offers BPAY deposits. Using BPAY at casino sites requires a few simple steps that most Australian players find straightforward.
References: Sofort casino deutschland natthadon-sanengineering.com
  • Jonnie
  • 11-11-2026, 13:30
  • : 13:30
Deshalb dauert es bei solchen Spielen natürlich viel länger, den Mindestumsatz zu erfüllen, oder ist gar nicht möglich. Es spielen aber noch viele weitere Faktoren eine Rolle, ob man einen Willkommensbonus als gut oder schlecht bezeichnen kann. Mittlerweile sind fast alle Spiele von unterwegs aus spielbar und das Bezahlen klappt mit der mobilen Trustly Casino Spiele App wunderbar. Wichtige Faktoren sind die Spielauswahl, der Willkommensbonus, Sicherheitsaspekte und die Lizenzierung sowie die mobile Nutzung Trustly Casino Spieleanzahl Willkommensbonus Softwarehersteller Zum Casino Betano 600+ 100€ Pragmatic Play Jetzt spielen!
  • Elba
  • 11-11-2026, 14:18
  • : 14:18
Ja, Trustly kann für Auszahlungen genutzt werden, sofern Sie zuvor mindestens eine Einzahlung mit dieser Methode getätigt haben. Trustly bleibt eine bevorzugte Wahl für Spieler, die Wert auf Sicherheit und Geschwindigkeit legen. Trustly Sofortauszahlung Casino selbst bietet keine festen Verbraucherlimits, sondern nutzt ein dynamisches Risikosystem, das jede Transaktion in Echtzeit bewertet.
  • Luca
  • 11-11-2026, 14:19
  • : 14:19
References: Buch der ra sofortüberweisung casino online sofort auszahlung
  • Otto
  • 11-11-2026, 15:42
  • : 15:42
Um die besten Sofortüberweisung Casinos zu erkennen, gibt es mehrere wichtige Kriterien, die du berücksichtigen solltest. Auf dieser Seite erfahren Sie mehr über die besten Sofortüberweisung Casinos und warum diese Methode eine der beliebtesten Casino-Zahlungsmethoden in Deutschland ist. Die Website selbst sollte eine klare Menüstruktur, Filter für Spiele und einen logisch aufgebauten Kassenbereich mit gut sichtbaren Zahlungslogos (inkl. Sofort/Klarna) bieten. 2026 setzen die meisten Sofortüberweisung Casinos auf responsive Web-Apps, die direkt im Browser von iOS- und Android-Geräten laufen. Achten Sie auf Filterfunktionen, eine Suchleiste und die Möglichkeit, Spiele im Demomodus zu testen, bevor Sie mit Echtgeld via Sofortüberweisung einzahlen. References: https://forum.pplpeople.com
  • Julius
  • 12-11-2026, 19:06
  • : 19:06
References: Casino mit sofort bonus https://doc.anagora.org/
  • Melba
  • 12-11-2026, 19:45
  • : 19:45
References: Neosurf 20 deposit casino neosurf slot games australia
  • Raymon
  • 12-11-2026, 22:33
  • : 22:33
References: Neosurf voucher online casino real money pokies app neosurf
  • Dean
  • 13-11-2026, 04:30
  • : 04:30
References: Best online pokies australia no deposit bonus online casino payid withdrawal australia
  • Adolfo
  • 13-11-2026, 08:30
  • : 08:30
References: 5 dollar neosurf deposit casino aus casinos accepting neosurf australia
  • Maurine
  • 13-11-2026, 16:02
  • : 16:02
References: Best online casino payid withdrawal dok.kompot.si
  • Clemmie
  • 13-11-2026, 17:54
  • : 17:54
References: Neosurf casino cash out neosurf deposit casino australia
  • Leo
  • 13-11-2026, 19:16
  • : 19:16
References: Online pokies australia real money instant withdrawal no deposit bonus online casinos with payid
  • Adolph
  • 13-11-2026, 20:10
  • : 20:10
References: Neosurf $20 deposit casino australia neosurf casino login australia
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды