Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қала күніне орай Алматыда республикалық байқауларының жеңімпаздары марапатталды

Қала күніне орай Алматыда республикалық байқауларының жеңімпаздары марапатталды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Абай алаңында Қала күнін мерекелеу аясында «Аспан таулы Алматы!» республикалық бейнеконтент байқауы мен «Алматы – ән қанатында!» республикалық композиторлар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Екі байқау да Алматыны кеңінен танытуға, оның мәдени әлеуетін ашуға және қалаға арналған жаңа шығармашылық туындылар жасауға бағытталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Аспан таулы Алматы!» бейнеконтент байқауына 118 адам қатысты. Байқау қорытындысы бойынша I дәрежелі диплом мен 3 000 000 теңгелік сертификат Атлан Булыбаевқа табысталды. II дәрежелі диплом мен 2 000 000 теңгелік сертификат Алмасхан Мұратбекке берілді. III дәрежелі дипломдар мен 500 000 теңгелік сертификаттарға Екатерина Макарова мен Ақылбек Таңжарық ие болды.

Сонымен қатар Ислам Жақсылық, Ықылас Тұрсынбекұлы, Нұргүл Өнербекқызы, Мақсат Құсайынов, Диаскен Байтибаев және Малика Илахунова 300 000 теңгелік ынталандыру сертификаттары мен арнайы дипломдарға ие болды.

Екінші байқау – «Алматы – ән қанатында!» Алматыға арналған музыкалық шығармаларын ұсынған 75 қатысушыны біріктірді.

III дәрежелі диплом және 1 000 000 теңгелік ақшалай сертификат Жексенбек Әбілқайыр Жұбанышұлына табысталды. II дәрежелі диплом мен 2 000 000 теңгелік сертификат Бажан Айгүл Әлібекқызына берілді. I дәрежелі диплом және 3 000 000 теңгелік ақшалай сертификат Әділханов Мұрат Әділханұлына табысталды.

300 000 теңге көлеміндегі ынталандыру сыйлықтарына шығармалардың авторлары Алтымбаев Айбек Саматұлы, Жайлау Уәлихан Темірханұлы, Исағұлова Ағима Шермұхамбетқызы, Қуанбай Шынболат Қайратұлы және Рыспанбетов Самат Бақытжанұлы ие болды.

Осылайша, әр байқаудың жалпы жүлде қоры 7,5 млн теңге болды.

«Мұндай шығармашылық байқаулар авторларға талантын танытып, кәсіби мойындауға ие болуға мүмкіндік беріп қана қоймай, Алматының заманауи көркем бейнесін қалыптастыруға да ықпал етеді. Қатысушылар музыка мен визуалды контент арқылы қаланың атмосферасын, тарихын, сәулетін, табиғатын және өзіндік болмысын жаңаша қырынан ашады. Осындай жобалар аясында дүниеге келген туындылардың Алматының мәдени өмірінің бір бөлігіне айналып, қала тұрғындары мен қонақтарының ықыласына бөленуі маңызды», – деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев.

Байқауларды өткізу Қала күніне арналған мерекелік бағдарламаның бір бөлігіне айналып, отандық авторларды қолдауға, шығармашылық бастамаларды дамытуға және Алматының мәдени мұрасын кеңінен насихаттауға арналған тағы бір алаң болды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
66 комментариев
  • Leonore
  • 08-11-2026, 21:22
  • : 21:22
References: Neosurf casino no id australia safe neosurf casinos australia
  • Herman
  • 09-11-2026, 03:15
  • : 03:15
References: Who accepts paysafecard casino canada rcfl.com.hk
  • Fatima
  • 09-11-2026, 04:45
  • : 04:45
References: Paysafecard casino deposit canada https://md.sigma2.no/QA-a4oUASSiZHVAf6Js0TQ
  • Jill
  • 09-11-2026, 16:01
  • : 16:01
References: Online pokies with payid australia trusted online pokies australia
  • Elvira
  • 19-11-2026, 21:59
  • : 21:59
References: Payid online casino real money md.sigma2.no
  • Rosaura
  • 21-11-2026, 19:47
  • : 19:47
The pokies library runs to 6,400+ titles from 70+ providers including Pragmatic Play, Hacksaw Gaming, Nolimit City, Play’n GO and Push Gaming. Ten operators that passed our full testing protocol — verified license, real-AUD transfer, timed cashout across multiple sessions, daily-cap audit, and bank-compatibility test across the four major AU banks plus three challengers. All casinos on our list accept PayID from Australian players and are verified AU-accepting operators. Common offers include weekly deposit matches (50%–100%), Monday free spins, and weekend reload bonuses. We don’t list casinos that fail PayID withdrawal checks or apply misleading payout claims. References: https://bbs.omiga.bio
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды