Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада мектеп оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

Астанада мектеп оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да 9-11 (12) сынып оқушылары арасындағы Республикалық олимпиада ІІІ (қалалық) кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Ғылым мен білімнің дәстүрлі мерекесіне айналған іс-шарада елорданың басты пәндік бәсекесінде үздік нәтиже көрсеткен жас дарындарға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Марапаттау рәсімінде Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев құттықтау сөзін сөйлеп, беріліп жатқан марапат – оқушылардың үлкен еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті. Оның айтуынша, мектепішілік, аудандық және қалалық кезеңдерден сүрінбей өтіп, жеңіске жету – табандылық пен алға қойған мақсаттың айқын дәлелі.

«Дегенмен бұл – соңғы белес емес. Алда тағы да республикалық және халықаралық кезеңдер бар, жас дарындар сол асуларды бағындыруға әбден лайық», – деді ол.

Биыл қалалық кезеңге 1961 оқушы қатысқан (2025 жылы – 1709). Оның ішінде 830 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. Жүлдегерлердің 410-ы жаратылыстану-математикалық бағытта болса, 420-сы қоғамдық-гуманитарлық бағытта үздік нәтиже көрсетті.Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша «Үздік олимпиадалық команда – 2025» дипломымен мамандандырылған мектептер арасында І дәрежелі диплом дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейіне табысталды. ІІ дәрежелі диплом №9 «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейіне және дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатына бұйырды. Ал жекеменшік білім беру мекемелері арасында І дәрежелі диплом «NURORDA» мектеп-лицейіне берілді. 6 оқушы Тұран-Астана университетінің (3 оқушы) және Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің (3 оқушы) білім гранттарының иегері атанды.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті