Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада «ProEco» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Елордада «ProEco» конкурсының жеңімпаздары марапатталды
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Астанада 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Байқау экологиялық мәселелерге қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдауға бағытталған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Сайысқа еліміздің әр өңірінен 105 бала қатысты. Жобаларды еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары бағалады. Конкурс қорытындысы бойынша қатысушылардың 45 пайызы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, І дәрежелі дипломмен 9 жеңімпаз, ІІ дәрежелі дипломмен 15 жүлдегер, ІІІ дәрежелі дипломмен 25 оқушы марапатталды. Сонымен қатар 19 қатысушыға грамоталар табысталды.

Конкурс төрт негізгі бағыт бойынша өткізілді: «Туған өлке табиғаты», «Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем», «Үздік экологиялық бастама» және «Таза қала сізден басталады». Әр бағыт аясында оқушылар экологиялық мазмұндағы зерттеу, шығармашылық және практикалық жобаларын ұсынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады