Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов БҚО-да мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

Олжас Бектенов БҚО-да мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысын тексерді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бөрлі ауданында Премьер-министр Қарашығанақ және Чинарев мұнай-газ конденсаты кен орындарына барды. Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және олардың жүктемесіне, мұнай-газ саласындағы жергілікті қамту үлесін арттыруға, кадрлар даярлауға және басқа да мәселелерге назар аударылды.

Олжас Бектенов мұнай конденсатын тұрақтандыру, тазарту және қайта өңдеумен айналысатын Қарашығанақ қайта өңдеу кешенінің технологиялық процестерімен танысты. Нысан Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының негізгі өндірістері құрамына кіреді. Ол – 279 млн тонна мұнай мен 785 млрд текше метр газдың алуға болатын қалдық қоры бар әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі.

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.»  компаниясының бас директоры Марко Марсили ағымдағы өндірістік көрсеткіштер мен келешегі бар жобаларды жүзеге асыру жоспарлары, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Қарашығанақта өткен жылы өндіру көлемі 12,2 млн тоннаны құраған, 2025 жылға арналған жоспар – 12,4 млн тонна. Қарашығанақты кеңейту жобасының (ПРК-1А) газ айдау тиімділігін арттыруға және өндірістік процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған бірінші кезеңі іске қосылды. Нәтижесінде ішкі нарыққа 7,5 млрд текше метр газ жеткізілді, бұл – Қазақстандағы жалпы көлемнің шамамен 26%-ы.

Премьер-министр мұнай-газ саласы өнеркәсіптік өсудің маңызды драйвері болып қала беретінін атап өтті. Қазақстанда жыл сайын 85 млн тоннадан астам мұнай және шамамен 55 млрд текше метр газ өндіріледі. Мұндай көлемді тұрақты ұстап тұру заманауи технологияларды енгізу мен ірі кен орындарын дамытудың арқасында  мүмкін болып отыр. Бүгінде Үкімет өндірісті арттырудан бастап, қайта өңдеуді тереңдету және мұнай-газ химиясын кеңейтуге дейінгі батыл шешімдерімен жер қойнауын ұтымды пайдалану стратегиясын дәйекті түрде жүзеге асырып келеді. Бұдан басқа, отандық өндірушілерді қолдаудың маңыздылығы және отандық тауарларды сатып алу үлесін одан әрі арттыру қажеттігі де атап өтілді.

Бәйтерек ауданында Премьер-министр «Жайықмұнай» ЖШС-ның тауарлық газды қайта өңдеу қуатымен танысты. Чинарев кен орны аумағында бірқатар заманауи қондырғы жұмыс істеп тұр, мұнда теміржол мұнай құю терминалы, газ құбыры, вахталық қалашықтар және тағы да басқа инфрақұрылымдар жақсы дамыған. Газ өңдеу зауытының өндірістік қуаты жылына 4,2 млрд текше метр газды құрайды. Кәсіпорынның жүктемесін арттыру мәселесі пысықталуда.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
75 комментариев
  • Dominik
  • 16-11-2026, 16:11
  • : 16:11
References: Gry hazardowe na prawdziwe pieniądze mastercard gry hazardowe na prawdziwe pieniądze mastercard
  • Freddie
  • 16-11-2026, 17:17
  • : 17:17
  • Lashawn
  • 17-11-2026, 04:00
  • : 04:00
References: Casino bizum 5 euros casino bizum 10 euros
  • Daniela
  • 17-11-2026, 12:37
  • : 12:37
References: Australian casinos that accept payid http://www.okaywan.com
  • Yanira
  • 17-11-2026, 13:08
  • : 13:08
  • Moises
  • 17-11-2026, 21:17
  • : 21:17
References: New payid casinos australia http://bbs.hgzvip.net/home.php?mod=space&uid=361863

References: Tarjetas rasca paypal casinos online paypal 2024
  • Ilana
  • 17-11-2026, 21:52
  • : 21:52
References: Casinos autorizados en españa paypal lslv168.com
  • Imogen
  • 17-11-2026, 23:44
  • : 23:44
References: Instant withdrawal casino payid https://md.sigma2.no/ZglmYe2ESiOROeskRTKHzA
  • Devin
  • 18-11-2026, 08:38
  • : 08:38
  • Vicki
  • 18-11-2026, 08:52
  • : 08:52
References: Play pokies with payid https://www.rcfl.com.hk/
  • Terence
  • 19-11-2026, 08:04
  • : 08:04
References: Online pokies payid https://doks.komun.org/AnM8GIOrSBux1MKk3lOwUw
  • Willard
  • 19-11-2026, 14:00
  • : 14:00
References: Payid casino games roadwiki.site
  • Meri
  • 22-11-2026, 17:46
  • : 17:46
Checking a casino’s "new games" tab is the simplest way to catch a title early. A payid pokies australia no deposit bonus lets a new account trial pokies before funding it, though wagering requirements and a withdrawal cap usually apply. Welcome packages remain the largest single incentive, usually a deposit match plus free spins on a featured title. Anyone comparing online pokies payid australia banking against older methods notices the speed gap first, then the reduced data shared at checkout. References: https://forum.liverpoolfc.kz
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды