Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР Энергетика вице-министрі Батыс Қазақстан облысының кен орындарында болды

ҚР Энергетика вице-министрі Батыс Қазақстан облысының кен орындарында болды
Фото: ҚР ЭМ баспасөз қызметі

2023 жылғы 25 мамырда Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Асхат Хасенов пен БҚО әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаев «Ural Oil&Gas» ЖШС-ның «Рожков» кен орнына және «Жайықмұнай» ЖШС-ның Чинарев мұнай-газ конденсаты кен орнына барды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Рожков кен орнында ҚР Энергетика вице-министрі кен орнын жайластыру жөніндегі жобаның іске асырылу барысымен танысты, онда «Ural Oil&Gas» ЖШС басшылығына кен орнын пайдалануға беру қарқынын жеделдетуді тапсырды.

 

Рожков кен орнының алынатын қорлары: конденсат бойынша 12,5 млн.т, газ бойынша 25,3 млрд. м3 бағаланады. «Ural Oil&Gas» ЖШС акционерлері ҚМГ, Sinopec және мажарстандық MOL болып табылады.

 

Бұдан әрі «Жайықмұнай» ЖШС-ның Чинарев мұнай-газ конденсаты кен орнында компания басшылығы ҚР Энергетика вице-министріне көмірсутек шикізатын қайта өңдеу бойынша «Жайықмұнай» ЖШС және «Ural Oil&Gas» ЖШС-ның бірлескен жобасын ұсынды.

 

Қазіргі уақытта «Жайықмұнай» ЖШС Рожков кен орнынан жаңа шикізат алу үшін барлық қажетті жұмыстар мен сынақтарды толық жүргізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады