Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Энергетика министрлігі ұжымына жаңа министрді таныстырды

Олжас Бектенов Энергетика министрлігі ұжымына жаңа министрді таныстырды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жарлығымен энергетика министрі болып тағайындалған Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженовті министрлік ұжымына таныстырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олжас Бектенов Алмасадам Сәтқалиевке мұнай-газ және мұнай-газ химиясы өнеркәсібі, энергетика салаларына қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, ҚР Атом энергиясы агенттігінің төрағасы лауазымындағы жаңа қызметіне табыс тіледі.

Премьер-министр жаңа министрді таныстыру барысында Ерлан Ақкенженовтің мұнай және газ саласындағы, мұнай өнімдерін өңдеу және тасымалдау саласындағы мол тәжірибесі бар екеніне тоқталды.

Премьер-министр Мемлекет басшысы еліміздің энергетикалық инфрақұрылымын ауқымды жаңарту міндетін қойғанын атап өтті. 

Энергетика министрлігі ұжымына стратегиялық маңызы бар жобаларды іске асыру, оның ішінде үш ЖЭО мен Екібастұз ГРЭС-3 құрылысы, Батыс аймақтың электр желілерін еліміздің Бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен біріктіруді аяқтау және қосымша энергия қуаттарын іске қосу тапсырылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының мұнай-газ жобаларын кеңейту, газ өңдеу зауыттарын салу жобаларын уақтылы іске асыру, мұнай өнімдерін өндіру және ішкі нарықты көгілдір отынмен қамту мәселелерінде тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстың басым бағыттары белгіленді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады