Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда "Наурызнама" аясында ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті

Атырауда
Фото: Polisia.kz

Атырауда "Наурызнама" аясында ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Наурыз мерекесі қарсаңында Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Атырау қаласының бұқаралық спортты дамыту клубы бірлесіп, ұлттық спорт түрлерінен ауқымды жарыс ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты – жасөспірімдер мен жастар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және есірткіге қарсы күрес аясында олардың бос уақытын пайдалы өткізуге бағыттау.

Қатысушылар асық ату, ләңгі тебу, қол күрес, гір тасын көтеру және арқан тарту секілді ұлттық спорттың бірнеше түрі бойынша өзара бақ сынасты. Жарысқа түрлі жастағы 100-ден астам қала тұрғыны қатысып, өз ептілігі мен шеберліктерін көрсетті. Әсіресе жастар жағы ерекше белсенділік танытып, жарысқа бар ынтасымен қатысты. Жеңімпаздар қатарынан көрінгендер алтын, күміс және қола жүлделерге ие болып, арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Салтанатты марапаттау рәсімінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Марьяна Джангалиева қатысушыларды құттықтап, спорттың жастарды тәрбиелеудегі маңызына ерекше тоқталды.

– Біздің басты мақсатымыз – жастарды спортқа баулу арқылы оларды зиянды әдеттерден, әсіресе есірткіге әуестіктен сақтау. Ұлттық ойындар – ата-бабамыздан келе жатқан асыл мұрамыз, бұл жастарды шынықтырып қана қоймай, олардың бойында отансүйгіштік пен жеңіске деген жігер қалыптастырады. Ұрпақтың дені сау, рухы биік болуы үшін осындай шаралардың маңызы зор, – деді Марьяна Джангалиева. 

Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық спорт мерекесі қатысушылар мен көрермендердің көңілінен шығып, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыра түсті.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
35 комментариев
  • Perry
  • 23-10-2026, 01:40
  • : 01:40
References: Licensed wire transfer casino Australia australian online casinos that accept bank transfer
  • Elena
  • 23-10-2026, 03:01
  • : 03:01
References: Best wire transfer casinos australia wire transfer casino Australian dollars
  • Dorie
  • 23-10-2026, 11:57
  • : 11:57
References: Osko casino australia real money brainchips.liuyanze.com
  • Halina
  • 23-10-2026, 12:45
  • : 12:45
References: Australian players wire transfer casino instant bank transfer casino australia
References: Direct bank transfer deposit casino australia https://app.wedonthavetime.org
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды