Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылорда облысында көлігімен полиция қызметкерлерін 500 метрге сүйрей жөнелген жүргізуші қамауға алынды

Қызылорда облысында көлігімен полиция қызметкерлерін 500 метрге сүйрей жөнелген жүргізуші қамауға алынды
Фото: видеодан кадр

Заңды талапқа бағынбай, көлігімен полиция қызметкерлерін 500 метрге сүйрей жөнелген жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

8 тамыз күні Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің патрульдік қызметкерлері аймақ аралау барысында жолда жүру ережелерін бұзған көлік жүргізушісін тоқтатқан. Полиция қызметкерлері заң шеңберінде көлік жүргізушісіне автокөліктен түсіп, құжаттарын көрсетуін сұраған уақытта жүргізуші олардың заңды талабына бағынбай, оқиға орнынан “ізін суытпақ” болған.

Көлік жүргізушісі дөрекілік танытып, өзін өте агрессивті ұстады. Қарсылық көрсеткеннен бөлек ол көлігінің мемлекеттік нөмірін шешіп алып, көлікті тоқтату мақсатында әрекеттенген полиция қызметкерлерін көлігімен 500 метрге дейінгі қашықтыққа сүйрей жөнелген. Оның салдарынан полиция қызметкерлері түрлі дәрежедегі жарақаттар алды.

– Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабының 4-бөлігі 1-тармағына (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Көлік жүргізушісі Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлік айып алаңына қойылды.
Жоғарыда аталған бойынша күдікті үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылуы мүмкін. Қазіргі уақытта полицейлерге қарсылық көрсету, күш қолдану деректеріне қатысты қылмыстық істердің ақталмайтын негізде қысқарту тәжірибесі тоқтатылғандығын ескертеміз, – деді Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов.

Айта кететін жайт, жыл басынан Қызылорда облысында полицейлерге қарсылық көрсетудің 6 дерегі болған. Әрбір іс бойынша заң шеңберінде тиісті шешім қабылданды. Полиция қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде оларды қорлау, бағынбау және күш қолданумен байланысты қылмыстарды тергеу облыстық ПД бастығының ерекше бақылауында.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді