Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола полицейлері 4 млн теңгеге алтын бұйымдарды қолды еткен бикешті анықтады

Ақмола полицейлері 4 млн теңгеге алтын бұйымдарды қолды еткен бикешті анықтады
Фото: polisia.kz

Ақмола полицейлері жалпы сомасы 4 млн теңгені құрайтын алтын бұйымдарды ұрлаған бикешті анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

29 маусым күні Атбасар ауданының полиция бөліміне 36 жастағы жергілікті тұрғыннан 28 сәуір мен 29 маусым аралығында белгісіз тұлғалардың оның пәтерінен 4 млн теңгені құрайтын алтын бұйымдарды ұрлап кеткендігі туралы арыз келіп түсті.

Осы өтінішке қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Қылмыс орнына келген криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктілердің алтыннан жасалған 26 бұйыммен қоса 200 АҚШ долларын ұрлағанын анықтады.

Әрі қарай тергеп-тексеру жүргізу барысында алтын ұрланған мекенжайға үй иелерінен басқа бөгде адамның да еркін кіре алатыны белгілі болды. Тәртіп сақшылары барлық жергілікті ломбардтар мен айырбастау пункттерін тексерді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер өз кінәсін мойындаған 35 жастағы бикешті анықтады. Заттай дәлелдемелер жартылай тәркіленді.

Полицейлер азаматтарды қырағы болуға және құнды заттарды қауіпсіз жерде сақтауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты