Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола полицейлері 180 млн теңгеден астам сомаға зергерлік дүкенді тонағандарды анықтады

Ақмола полицейлері 180 млн теңгеден астам сомаға зергерлік дүкенді тонағандарды анықтады
Фото: polisia.kz

Криминалдық полиция басқармасы мен Степногорск қаласы полиция басқармасының жедел қызметкерлері жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде зергерлік дүкеннің мұқият жоспарланған тонау дерегін анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 1 мамырында белгісіз біреулер жертөле арқылы дүкенге кіріп, 180 млн теңгеден астам сомаға зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Резонанстық қылмысты ашу және күдіктілерді ұстау үшін полиция департаменті басшылығының нұсқауы бойынша бірнеше жедел топ құрылып, Ақмола және көрші өңірлердің аумағында бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде елордада екі күдікті ұсталды. Олардың 46 және 35 жастағы Астана қаласының тұрғындары екендігі анықталды. Тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде ұсталғандардан заттай дәлелдемелер, ұялы телефондар, құралдар мен байланыс құралдары тәркіленді. Сондай-ақ ұсталғандар мініп жүрген көлік тәркіленді.

Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты