Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

АИ-95 жанармайдың бағасын мемлекет реттемейді - министрлік

АИ-95 жанармайдың бағасын мемлекет реттемейді - министрлік
Фото: pixabay.com

Энергетика министрлігі АИ-92 және АИ-95 маркалы автобензиндерге қатысты ағымдағы жағдайды мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, қазіргі уақытта Атырау, Павлодар және Шымкент МӨЗ қалыпты пайдалану режимінде жұмыс істеп жатыр және АИ-92, АИ-95 автобензиндерін және өтінімдер болған кезде АИ-98 автобензиндерін өндіруде.

“Мұнай базаларындағы, жолдағы, МӨЗ-дегі және АИ-95 «премиалды» автобензинінің импорты көлемдерінің жиынтық қоры 36,5 мың тоннаны (елдің 12 күндік қажеттілігі) және АИ-92 – 257,1 мың тоннаны (18 күн) құрайды.

Айта кетейік, АИ-92 автобензинінің шекті бағасы бағаны мемлекеттік реттеуге байланысты 205 теңге/литрден аспауы тиіс.

АИ-95 бағасын мемлекет реттемейді, сондықтан жанармай құю станциясының «пистолетінен» шығатын баға нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты өзгеруі мүмкін”, – деп жазды ведомстводан.

Сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігі АИ-95+ автобензиніне демалыс кезеңін және сұраныстың артуын ескере отырып, АЖҚС ірі желілеріне (QazaqOil, Helios, Sinooil, Газпромнефть, Gasenergy) импорттау мүмкіндігі туралы түсініктеме берді.

“Павлодар облысына келетін болсақ, АЖҚС ірі желілері бойынша (QazaqOil, Helios, Sinooil, ГазПром, GasEnergy) еркін сатылатын отын, жазғы демалыс кезеңіне және тұтынудың артуына байланысты шектеулер болуы мүмкін. 2023 жылғы 28 шілдедегі жағдай бойынша Павлодар облысында мұнай базаларында және жолда 0,8 мың тонна АИ-95 немесе 8 тәулікке жететін, Аи-92 – 4,1 мың тонна немесе 9 тәулікке жететін көлемдері бар.

Жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары аяқталып, Павлодар МӨЗ іске қосылуын ескере отырып, автобензиндерді жеткізу көлемі біртіндеп ұлғаятын болады”, – деген министрлік.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты