Нигерия мен Бразилия азаматтары елде заңсыз жүргені үшін ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Нигерияның 12 азаматы Қазақстанда заңсыз жұмыс істеген. Полицейлер оларды қаладағы хостелдерден тапты.
– ҚР-ның көші-қон заңнамасын сақтау бойынша рейдтер құқық бұзушылықтың алдын алуға және заңсыз көші-қон арналарын анықтауға бағытталған. Бір апта ішінде басқа елдердің 50 азаматы және көршілес елдердің 165 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 104 шетел азаматы құжаттарының болмауына байланысты қабылдап-таратуға орналастырылды. Тағы 22 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды. Сонымен қатар 54 жеке және заңды тұлға, оның ішінде Бразилияның 2 азаматын заңсыз жұмысқа тартқан фирмалардың бірінің басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Рейдтік іс-шаралардың мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзу деректерін және шетелдіктерді заңсыз жұмысқа орналастыру деректерін анықтау, сондай-ақ шетел азаматтары тарапынан қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.