Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте бірнеше бап бойынша кінәлі деп танылған азамат сотталған

Шымкентте бірнеше бап бойынша кінәлі деп танылған азамат сотталған
Фото: pixabay.com

Шымкентте ұрлық, алаяқтық, тонау қылмыстары бойынша кінәлі деп танылған азамат сотталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

44 жастағы ер адам мейрамханаға келушілерден, техникалық байқау орталықтарының жұмысшыларынан, тіпті дүкен терезелерінен түрлі бағадағы телефондарын ұрлап кеткен. Бірде ол аурухананың емдеу бөлмесінен қуаттағыш құрылғысында тұрған телефонды жымқырып үлгерген.

Күдіктінің қылмыстық әрекетінен жеті адам зардап шеккен. Зардап шеккендердің бірінің айтуынша, қоғамдық автобуста одан қоңырау шалу үшін телефонын сұрап, бірінші аялдамада гаджетімен автобустан түсіп, қашып кеткен.

Тағы бір арызданушы ұрының смартфондардан бөлек, жеке гигиеналық заттарды ұрлап та, ақша табуды көздегенін жеткізді. Ол супермаркеттен құны 100 мың теңгеден асатын ұстараларды қолды еткен.

– Абай ауданы полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық), ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) және ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркелді. Жедел уәкілдер полиция департаментінің жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні анықтап, ұстады, – деді тергеуші Нұржігіт Айдаров.

Анықталғандай, ер адам бұрын да осыған ұқсас қылмыстар үшін бірнеше рет сотты болған.Тергеушілер барлық қажетті дәлелдемелерді жинап, қылмыстық іс материалдарын сотқа жолдады. Сот азаматты ұрлық, алаяқтық, тонау қылмыстары бойынша кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты