Алматы облысында жеке үйлердің ауласында тұрған жеті автокөлікті тонап, ірі ақша соммасын қолды қылған ұрының ісі әшкере болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың мамыр-қазан айлары аралығында Талғар ауданы аумағында бірнеше ұрлық дерегі орын алған. Қаскүнем түнгі уақытта Тұздыбастау, Бесағаш және Талдыбұлақ ауылдарындағы жеке үйлердің аумағына қоршау арқылы кіріп, иелерінің немқұрайлылығын пайдаланып, ашық, қымбат автокөлік ішінен ірі ақша соммалары мен бағалы заттарын қолды қылды. Ол жеті автокөліктен жалпы сомасы 6,5 миллион теңгені құрайтын ақша мен бағалы заттарды заңсыз иемденіп кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізгеннен кейін Талғар АПБ бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары А.Бурьянский және КПБ жедел уәкілі Ислам Усманов Еңбекшіқазақ ауданы Рахат кентінің 20 жастағы тұрғыны болып табылатын күдіктінің ізіне түсті. Алайда оның белгісіз бағытта кетуіне байланысты оны ұстау мүмкін болмады. Кейін күдіктінің шытырман оқиғаларының орбитасын кеңейте отырып, Алматы қаласына кеткені анықталды. Онда ол жалпы материалдық шығыны 2,5 миллион теңге болатын тағы төрт ұрлық жасаған. Қазіргі уақытта, оңтүстік астананың жергілікті жедел уәкілдері оны ұстап, қамаққа алды.
Ұрланған ақшаға сатып алынған ВМW автокөлігі тәркіленіп, сот шешіміне дейін арнайы тұраққа қойылды. Бүгінгі таңда күдіктінің жалпы материалдық шығыны тоғыз миллион теңгеден асатын 11 қылмысқа қатыстылығы дәлелденді.
Полиция азаматтарды көлік құралдарында ақша мен құнды заттарын қалдырмауға шақырады. Көшеде және үйлердің аулаларында ашық күйде автомашиналарды қалдырмаңыздар. Ұрылардың әрекетінен қорғану үшін аулаңызда бейнебақылау жүйесін немесе итті, күзет ұйымдарының қызметтерін пайдаланыңыз.