Шілде айының басында "Қарасора-2023" ЖПІШ өткізу кезінде облыс орталығының 45 жастағы тұрғыны ұсталып, оның пәтерін тінту барысында салмағы 6 кг 324 гр кептірілген марихуанасы бар 24 түйін және салмағы 17 гр екі гашиш түйіні тәркіленді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.
Сонымен қатар тінту кезінде диванның астынан салмағы 2 келіден асатын қарасора тұқымдары бар майонез шелектері табылды.
Ұсталған адамның айтуынша, ол есірткіні жеке пайдалану үшін сақтаған.
ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі “Ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау” бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Ұсталған адамға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.