Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте 80 жастағы зейнеткер немересін құтқару үшін алаяқтарға 11 мың доллар берген

Шымкентте 80 жастағы зейнеткер немересін құтқару үшін алаяқтарға 11 мың доллар берген
Фото: kazlenta.kz

Әл-Фараби аудандық ПБ-ға қарт кісі алаяқтық туралы арызбен жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, оған бейтаныс нөмірден белгісіз адам қоңырау шалып, немересі апатқа ұшырағанын және шұғыл түрде қымбат ота жасау қажет екенін айтқан, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған ер адам қыздың оқиғаға кінәлі екенін, бірақ белгілі бір сомаға жазадан құтылуға болатынын айтқан. Шошынған зейнеткер сүйікті немересіне көмектесу үшін, қоңырау шалушының барлық шарттарына келіскен. Олар ақшаны алу үшін такси жіберіп, қала тұрғыны сол арқылы 11 мың доллар салынған сөмкені берген.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Жедел іздестіру жұмыстары барысында қылмысқа қатысы бар 26 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Оның курьер міндетін атқарғаны анықталды. Яғни, ол көрсетілген мекенжайлардан қолма-қол ақша алып, “басшыларының” есепшотына аударып отырған. Жұмыс ақысы үшін жалпы соманың 10 пайызын иеленген.

Ер адамның тағы да осындай алаяқтыққа қатысы бар екені белгілі болды. Қаскөйлердің кезекті құрбаны Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Ол сіңілісіне ота жасау үшін және оны жауапқа тартпау мақсатында жалған полиция қызметкерлеріне 1 млн теңге төлеген. Қазіргі таңда қылмысқа қатысы бар басқа да күдіктілердің жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты