Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Кентауда тұрғынның қомақты қаржысын алаяқтықпен қалтасына басқан күдікті анықталды

Кентауда тұрғынның қомақты қаржысын алаяқтықпен қалтасына басқан күдікті анықталды
Фото: kazlenta.kz

Түркістан облысында жер алып беремін деп тұрғынның 2 млн теңгесін иемденіп алған күдікті ер адам анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, сырттай таныс ер адам жер алып беремін деп оны сендірген. Содан күдікті қызметі үшін 2 млн теңге ақшасын алып, екі жыл бойы алдап келген.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды.

Тұрғынды алдап, ірі көлемде қаржыны қалтасына басқан күдікті ер адамды ұстау үшін тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, қажетті шараларды атқарды. Нәтижесінде күдіктінің тұрғылықты мекенжайы анықталды. Ол жұмыссыз жүрген азамат болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікке ілінген ер адамның бұрын осындай қылмысы үшін істі болғаны анықталды. Қазіргі таңда оған қатысты осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді