Сс, 06 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақшасын көбейтпек болған кезекті түркістандық алаяққа алданып қалды

Түркістан облысының полицейлері алаяқтық жасаған жігітті анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленушінің айтуынша, WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы белгісіз азамат “ақша берсең, 10 күн ішінде 50%-ға көбейтіп беремін” деп алдағанын көрсетті. Яғни күдікті салған ақшаң еселеп қайтарылатын болады деп сендіріп, 250 мың теңге алған. Алайда арада біршама уақыт өткенде телефонын көтермей, байланысқа шықпай қойған. Содан алаяққа алданғанын түсінген тұрғын, бірден полицейлердің көмегіне жүгінді. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.

Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан алаяқты ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел тергеу тобы құрылды. Жәбірленушінің ақша салып жіберген банк қосымшасы арқылы күдіктінің жеке басы анықталды. Полиция қызметкерлері осы қылмыстың ашылып, күдіктінің ұсталуы бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізді. Тәртіп сақшыларының жедел әрекеті нәтижесінде, алаяқтың жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, оны ПБ-ға жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғындарына таныс емес азаматтарға сенбеуді, алаяқтың арбауына түсіп қалмауды ескертеді. Сондай-ақ жеке мәліметтерді, не болмаса ақшаны желі немесе WhatsApp мессенджері арқылы ешкімге жібермеуге кеңес береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді