Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Есірткі таратқан бойжеткен жазасын өтеуге Абай облысындағы әйелдер колониясына жіберілді

Есірткі таратқан бойжеткен жазасын өтеуге Абай облысындағы әйелдер колониясына жіберілді
Фото: pixabay.com

Есірткі таратқан 18 жастағы бойжеткен жазасын өтеуге Абай облысындағы әйелдер колониясына жіберілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Атырау қаласында жеңіл ақша табуды ұйғарған жас жұбайлар есірткіні Telegram арқылы таратып, әдемі өмір сүру үшін көп ақша табуды армандаған.

Диана сотталған кезде 18 жаста ғана еді, ол колледжде Руслан есімді жігітімен (аты-жөні өзгертілген) бірге оқыған. Жігіті оқу оқып жүріп, қосымша жұмыс іздеп жүрген. Руслан интернеттен жеңіл және тез арада оңай ақша табу туралы хабарландыруды көрген. Көрсетілген телефондар арқылы хабарласқаннан кейін материалдық сыйақы үшін есірткінің тұрақты айналымы саласында курьерлер қажет екендігін білген. Алайда Русланды бұл тоқтатған. Дегенмен “жұмыс берушілер” Русланды жұмысқа алуды бас тартқан. Руслан Дианаға қосымша ақша тауып үйленеміз деген уәде беріп, сол жұмысқа тұру үшін куәлігін жіберуге көндірген. Диана желі арқылы үйлестірушіге құжаттарын жіберіп, Telegram мессенджері арқылы нұсқау алып, есірткі таратқан. Үйлестірушілерге байланысқаннан кейін олар курьер ретінде жұмыс істей бастаған. Яғни, жалдамалы пәтерде белгілі бір иісі бар ұнтақ тәрізді заттар ораумен айналасқан.

– Мен таратып жүргенім есірткі екендігін білмедім. Жігітім маған олардың денсаулыққа зияны жоқ, жай ғана психотроптық жеңіл ұнтақтар деп түсіндірді. Біз 500-ге жуық кішкентай магниттер, полиэтилен пакеттер және электронды таразылар сатып алдық. Осылай үйге заттарды жинап, кешке дайындалған орамаларды алып бізге көрсетілген жерлерге қойып кету үшін шығатын болдық, – деді сотталған Диана.

Атырау облысының мамандырылған ауданаралық сотының үкімімен Диана 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Заңсыз әрекеті үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлік тәркілену қарастырылған, алайда сот үкімді шығару кезінде оның кылмыс жасау кезіндегі әрекетін, оның мінез-құлқын және басқа да жазаны жеңілдететін мән-жайлардың болғанын ескерген. Сот Диананың жігітіне қатысты 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуге үкім етті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді