Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте ақша бопсалаған блогер сотталып кетті

Блогер әрі журналист Шымкенттегі емхананың бас дәрігерінен 500 мың теңге бопсалағаны үшін сотталды, деп хабарлайды kazlenta.kz қалалық Абай аудандық сотының үкіміне сілтеме жасап.

Іс материалында көрсетілгендей, биыл сәуір айында блогер қалалық емхананың төбесіндегі мемлекеттік тудың жыртылғанын көрген. Ол бұл туралы полицияға хабарлап, содан кейін тәртіп сақшыларының бүлінген матаны қалай алып жатқанын телефонының камерасына түсіріп алған. Артынша журналист видеоны интернетке жариялауға уәде беріп, медициналық мекеме басшылығынан ақша талап ете бастаған. Жазбаны жою үшін ол 500 мың теңге сұраған. Ақыры емхана қызметкерлері оған 300 000 теңге ұсынады.

Ақшаны тапсыру кезінде күдіктіні полицейлер ұстады. Оған бопсалау (Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі 2-тармағы) бойынша айып тағылды. Тергеу аяқталғаннан кейін материалдар сотқа қарауға жіберілді. Абай аудандық соты ер адамды 5 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Сондай-ақ, іс материалдарынан БАҚ қызметкерінің осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын бес жылға сотталғаны белгілі болды. Ол 2017 жылы өзін салық органдарының қызметкері ретінде көрсетіп, кәсіпкерлерге қамқорлық көрсетуге уәде беріп, ақша бопсалаған. Кейін ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады