Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

А. Сарбасов ХЕҰ-ны Қазақстандағы әлеуметтік-еңбек саласының дамуы туралы хабардар етті

А. Сарбасов ХЕҰ-ны Қазақстандағы әлеуметтік-еңбек саласының дамуы туралы хабардар етті
Фото: gov.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов қазақстандық үшжақты делегацияның басшысы ретінде осы жылдың 5-16 маусымы аралығында Женевада өтетін Халықаралық Еңбек Ұйымының (бұдан әрі - ХЕҰ) Халықаралық еңбек конференциясының 111–ші сессиясының жұмысына қатысуда, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Пленарлық отырыста ол Қазақстандағы әлеуметтік-еңбек саласының дамуы туралы хабардар етті.

Қазақстандық делегация құрамына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, кәсіподақтар мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің өкілдері кірді.

Сөз басында А. Сарбасов ХЕҰ-мен өзара іс-қимылдың Қазақстан үшін маңызы зор екенін атап өтті. Ынтымақтастық жылдарында ХЕҰ-ның 25 конвенциясы ратификацияланды, 131 («Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы») және 190 («Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қудалауды жою туралы») конвенцияларды ратификациялау бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Ол Қазақстанда 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісім іске асырылып жатқанын, онда тараптардың (үкімет, жұмыс берушілер және кәсіподақтар) жұмыскерлер үшін лайықты еңбек жағдайларын жасаудағы өзара ынтымақтастық жөніндегі бірлескен міндеттемелері бекітілгенін хабарлады.

 Халықтың әл-ауқат деңгейін арттыруға бағытталған Орнықты даму мақсаттарына (бұдан әрі – ОДМ) дәйекті қол жеткізу үшін іс-шаралар жүзеге асырылуда. Премьер-Министр бастаған Үйлестіру кеңесі жұмыс істейді.

«2022 жылдың қорытындысы бойынша ОДМ жаһандық рейтингінде Қазақстан 163 елдің ішінен 65-орынға ие болды. Экономиканың өсу қарқынына сәйкес маңызды әлеуметтік игіліктердің қолжетімділігі мен сапасы бойынша кешенді кепілдіктерді қамтамасыз ететін базалық әлеуметтік стандарттар үнемі қайта қаралатынын атап өткім келеді. Қазіргі заманғы сын-қатерлер әлеуметтік қорғау саласында жаңа тәсілдерді қалыптастыру қажеттілігін айқындайды.

Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған ауқымды өзгерістер шеңберінде қазақстандықтардың өмір бойы – туғаннан бастап кәрілікке дейінгі базалық әлеуметтік құқықтарын белгілейтін Әлеуметтік кодекс қабылданды. Кодексті әзірлеу кезінде ХЕҰ халықаралық тәжірибесі мен стандарттары ескерілді», – деп толықтырды Ақмәди Сарбасов.

Ол сондай-ақ Әлеуметтік кодекстің негізгі новеллалары туралы егжей-тегжейлі айтты.

«Біріншіден, біз мемлекеттік қолдау парадигмасын түбегейлі өзгерттік, қазір ол салдарын жоюға емес, өмірлік қиын жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Екінші түйінді бағыт ретінде әлеуметтік қызметтерді көрсетудің қолданылатын өтініш формасынан оларды ұсынудың анықтау нысаны мен проактивті форматына көшуді қамтамасыз ететін әлеуметтік саланы цифрландыруды тереңдетуді атап өтуге болады.

Тағы бір бағыт – азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру үшін жауапкершілікті мемлекет, жұмыс беруші және азаматтардың өздері арасында бөлу. Бұл міндеттемелер жаңа әлеуметтік келісімшарт шеңберінде іске асырылатын болады», – деді бірінші вице-министр.

Ақмәди Сарбасов Әлеуметтік кодекстің төртінші негізгі новелласы еңбек нарығын дамыту бойынша жаңа тәсілдерді атап көрсетті. Ол келесі бағыттарға әсер ететін болады:  

– ұлттық біліктілік жүйесін дамыту шеңберінде экономиканың қажеттілігін ескере отырып, кадрларды сапалы даярлау;

– жаңа дағдылар дамыту үшін «өмір бойы оқыту» қағидатын іске асыру;

– платформалық жұмыспен қамтуды қоса алғанда, икемді нысандарды дамыту арқылы жұмыспен қамтуды ресімдеу;

– мемлекеттің жұмыспен қамту қызметін жаңғырту.

Сонымен қатар ол Отбасының цифрлық картасы, ең төменгі жалақы мөлшерін анықтау әдістемесі және 2030 жылға дейінгі ҚР қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Сөз соңында вице-министр ХЕҰ-ға Қазақстанмен ұзақ және жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс айта отырып, Республика Үкіметі ХЕҰ стандарттарына сәйкес лайықты еңбек арқылы әлеуметтік әділеттілікті ілгерілету, әлеуметтік-еңбек саясатын жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыратынын жеткізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді