Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда көпқабатты үйдің пәтерінде синтетикалық есірткі даярлау цехын ұйымдастырғандар құрықталды

Алматыда көпқабатты үйдің пәтерінде синтетикалық есірткі даярлау цехын ұйымдастырғандар құрықталды
Фото: polisia.kz

Алматыдағы Сәтбаев көшесіндегі үйлердің бірінің бір бөлмелі пәтерінде синтетикалық есірткі өндіретін цех жұмыс істеп тұрған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

21 жастағы жігіттің пәтер жалдап, әлеуметтік желі арқылы мефедрон жасау бойынша нұсқаулар, арнайы ыдыстар мен прекурсорларды алып, кейін екі жігіт пен екі қызды “кәсібіне” тартқаны белгілі болды.


– Іс-шара барысында ерекше иісті ақ кристалды ұнтағы бар пластикалық банка, прекурсорлар мен тұз қышқылы бар ыдыстар, арнайы зертханалық шыны ыдыстар, электронды таразылар және синтетикалық психотроптық затты өндіру кезінде күдіктілер пайдаланған басқа да керек-жарақтар тәркіленді. Есірткі шығаруға жауапты адам 21 жастағы С.есімді азамат, еш жерде жұмыс істемейтін, алған нұсқаулығы бойынша мефедронның ірі партиясын әзірлеген. Мұны сот-химиялық сараптама растады. Сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Басқа да ұсталғандар еш жерде жұмыс істемейтін 26, 19 және 21 жастағы жастар. Олар да өз кінәсін мойындады.

Полицияда ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайтынын хабарлады.<!--more-->ҚР конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді