Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысының тұрғыны ара ұяларын тасымалдауға арналған арбаға 20 келі марихуананы жасырған

Түркістан облысының тұрғыны ара ұяларын тасымалдауға арналған арбаға 20 келі марихуананы жасырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтау мен тасымалдаған күдікті ер адамды ұстады. Бұл туралы бүгін брифингте облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов мәлімдеді.

– Бізге Сайрам ауданында белгісіз біреу есірткіні сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті. Аталған жайтты ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-ға тіркедік. Сондай-ақ күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-тергеу тобын құрдық. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ЕҚҚІҚБ қызметкерлері күдіктіні, яғни Сайрам ауданының тұрғынын қолға түсірді. Ұсталған ер азаматтың үйі мен ауласын тінту кезінде есірткі заты бар бір қап пен полиэтилен пакетін таптық. Белгілі болғандай, ер адам есірткіні ара ұяларын тасымалдауға арналған арбада сақтаған. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 20 келіге жуық марихуана болып шықты. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бүгінде облысқа есірткі заттарын жеткізу арналары анықталуда, – деп қорытындылады Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.

Жыл басынан бері полицейлер заңсыз айналымнан бес тоннадан астам есірткі заттарын тәркілеп, 55 есірткі сатушыны ұстады. Сондай-ақ ірі көлемде есірткіні сақтаудың 25 жайтын анықтады.

Түркістан облысының полицейлері есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертеді. Егер сізде есірткі қылмыстары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға “102” телефоны бойынша хабарласыңыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады