Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент Қарағайлы ықшам ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысты

Семейге жасаған жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы көлемі 203 гектар болатын Қарағайлы ықшам ауданында салынып жатқан құрылыс жұмыстарының қарқынымен танысты, деп хабарлайды Ақорда.


Ықшам аудандағы тұрғын-үй қоры 787,7 мың шаршы метр. Физика-математика пәндерін тереңдетіп оқитын 720 оқушыға арналған Назарбаев зияткерлік мектебінің құрылысы аяқталған. Жанында 120 орындық жатақханасы бар. Сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 320 орындық балабақша салынған. Жуырда Қарағайлы ықшам ауданында 1405 пәтерлік 20 тұрғын үй пайдалануға берілген.


Сондай-ақ Қарағайлыда 3 мектеп, 6 балабақша, мұз модулі және оңалту орталығы салынады.


Мемлекет басшысының тұрғын үй құрылысын дамытуға қатысты тапсырмасы өз нәтижесін беруде. Соңғы екі жылда 200-ден астам мұқтаж отбасыға Қарағайлы ықшам ауданынан пәтер берілген. Көп балалы аналармен кездескен Президент мемлекет әлеуметтік қолдауды жалғастыра беретінін айтты.


– Үкімет көп балалы аналарға, мұқтаж отбасыларға ұдайы көмек беріп келеді. Әртүрлі жеңілдіктер қарастырып отыр. Ең бастысы өздеріңіздей көп балалы аналардың еңбекке деген ерекше талпынысы қуантады. Бала тәрбиесімен айналысып қана қоймай, халықты жұмыспен қамтып отырған игі істеріңіз өзгелерге үлгі болуы керек. Сондықтан сіздерді әрдайым қолдай береміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Көп балалы аналар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көрсетіліп жатқан қолдауға,  кәмелеттік жасқа толмаған 4 және одан да көп баласы бар отбасыларға берілетін әлеуметтік жәрдемақы сомасының ұлғаюына, Семейді дамытудың кешенді жоспарының қабылдануына қатысты  алғыстарын айтты. Сонымен қатар отбасылық бизнесті дамытуға берілетін гранттардың тізімін кеңейту, грант сомасын ұлғайту жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.


Президент Қарағайлы ықшам ауданындағы бірегей спорт кешенін аралап көріп, мұндай нысан Қазақстанның әр қаласында салынуы қажет екенін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты