Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанайлық полицейлер өз-өзіне қол салмақ болған аруды құтқарды

Қостанайлық полицейлер өз-өзіне қол салмақ болған аруды құтқарды
Фото: polisia.kz

Қостанайлық полицейлер өз-өзіне қол салмақ болған аруды құтқарды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

18 жасар қыз үлкен көпірге жақын маңда өмірімен қош айтысуды шешкен. Ол Тобыл өзенінің ортасына қарай кеткен. Оны сол жерден өтіп бара жатқан жүргізушілер байқап, полицияға хабар берген.

Оқиға орнына Қайрат Қожахметов пен Мақсат Бәкіржан құрамындағы автопатруль қызметкерлері жедел келіп, қызды жағаға тез шығарып алды.

– Қоңырау түскен бойда біз бірден көпірге жеттік, қыз суда болды. Мен еш ойланбастан суға секірдім. Әріптесім мені жағалауда сақтандырып тұрды. Қыз тереңдікте болған жоқ, сондықтан оны жағаға тез шығарып, тексеріп, жедел медициналық жәрдемнің қолына тапсырдық, – деді Мақсат Бәкіржан.

Қазіргі уақытта полицейлер қыздың ата-анасын анықтап жатыр. Онымен психологтар жұмыс істейтін болады. Мақсат Бәкіржан тәжірибелі полиция қызметкері, Ішкі істер органдарында 2013 жылдан бастап, ал Қайрат Қожахметов 2020 жылдан бастап жұмыс істейді. Жұмыс барысында олар азаматтарға бірнеше мәрте көмек көрсеткен.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды