Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанай облысында полиция қызметкері суға батып бара жатқан балықшыны құтқарып қалды

Қостанай облысында полиция қызметкері суға батып бара жатқан балықшыны құтқарып қалды
Фото: polisia.kz

Қостанай облысында полиция қызметкері суға батып бара жатқан балықшыны құтқарып қалды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілетеме жасап. 

Лисаков қаласының учаскелік полиция инспекторы Данабек Игімбердиев “Уылдырық” жедел алдын алу шарасы аясында патрульдеу кезінде Тобыл өзенінде суға батып бара жатқан адамды көрген. Ол еш ойланбастан оған көмекке асығып, адамды қауіпсіз жерге шығарған.

Василий Буковский, бұл күні өзенде балық аулауға шешім қабылдаған. Мұз тым жұқа болғандықтан жарылып, ол суға бата бастаған. Абырой болғанда, учаскелік полиция қызметкері дәл сол жерде болған.

– Суға батып бара жатқан адамды көріп, бірден көмекке жүгірдім. Су мұздай суық болды. Балықшы жағадан төрт метрдей қашықтықта болды. Мен оған қарай жүзе бастадым, жағаға шығардым. Маған да, балықшыға да медициналық көмек қажет болмады. Себебі, барлығы бірнеше минут ішінде болды, – деді Данабек Игімбердиев.

Василий Буковский полиция қызметкеріне алғысын білдірді. Кейінірек ол суға батып бара жатқан кезде дауыстап айқайлай алмағанын айтты. Өйткені температураның күрт өзгеруіне байланысты дыбыстық байламдардың спазмы болған.

– Полицейдің мені өзі көріп, құтқарып қалды. Әйтпесе мен суға батып кетуім мүмкін еді, – деді Василий Буковский.

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінде Данабек Игімбердиев ішкі істер органдарында 15 жылдан астам қызмет етіп, бұл учаскіде 2010 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. Осы уақыт ішінде ол азаматтарға көмек көрсетіп келеді. Оның атына бірнеше рет азаматтардан қызметтік борышын адал орындағаны үшін алғыс хаттар келіп түскен.

Қостанай облысының полиция департаменті “Уылдырық” науқаны өңірде 5 сәуірден басталып, 1 маусымға дейін жалғасатынын атап өтті. Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері полицейлер балық аулау ережелерінің 27 бұзушылығын анықтады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды