Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ресейдің астық контарабандасынан Қазақстан бюджетіне миллиондаған салық төленбеді

Ресейдің астық контарабандасынан Қазақстан бюджетіне миллиондаған салық төленбеді
Фото: pixabay.com

Астық контрабандасы салдарынан еліміздің бюджетіне жүздеген миллион теңге түспей қалған. Сенаторлар осылай дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сенат депутаты Андрей Лукиннің айтуынша, Қазақстанға ЕАЭО елдерінен әкелінген астық қазақстандық өнім ретінде экспорттала бастаған. Бұл ретте кәсіпкерлер де ел бюджетінен төлемдер алып отыр. Сенатор Андрей Лукин өзінің депутаттық сауалында астық контрабандасының проблемалары мен салдары туралы айтты. Оның сөзінше, елімізде жалған құжат бойынша Ресейден Қазақстанға бидайды салық төлемей заңсыз әкелудің тұрақты жолдары бар. Оның үстіне, бұл астықты ЕАЭО-дан тыс жерлерге экспорттағаны үшін кәсіпкерлер одан кейін де Қазақстан бюджетінен төлемдер алып отыр.

«2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ресейден СҚО аумағына 450 мың тоннадан астам бидай әкелінген, олар Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің ілеспе құжаттары бойынша астық қабылдау пункттеріне тапсырылған. Құжаттамалық рәсімнен кейін трейдерлер ол өнімді қазақстандық тауар ретінде елден тысқары жерге экспорттады. Бұл бюджет қаржысы есебінен қосымша құн салығын экспорттаушыларға заңсыз қайтарып беруге әкеп соқтырды. Құқық қорғау органдары жалған құжаттар бойынша бидайды заңсыз әкелу схемасын растап отыр. Ресейден Қазақстанға әкелінген тауардан төленбеген қосымша құн салығы түріндегі мемлекетке алдын ала келген залал 660 млн теңгеден асты», - деді Андрей Лукин.

Депутаттың айтуынша, мұндай жағдайдың себебі – Ресейден әкелінетін астық өнімдерін пайдалануды есепке алу және одан әрі бақылау жүйесінің болмауы болып табылады. Сонымен қатар, экономикалық контрабанда мәселесі оны дұрыс анықтау тұрғысында аса маңызды болып отыр.

«Қылмыстық заңнамада бір қылмыстық ниет үшін қылмыстық құқық бұзушылықтың екі түрі көзделіп отыр. Егер біреуінде тауарды тәркілесек, екіншісінде - қажетті төлемдерді төлегеннен кейін тауарды қайтаруға тура келеді. Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысында да осы қылмыстық құқық бұзушылықтар белгілерінің нақты айырмашылығы жоқ. Ақыры Жетісу облысында экономикалық контрабанданың қылмыстық құрамын әр түрлі түсіне бастады. ТНВЭД кодын дұрыс көрсетпегені үшін біреуді контрабандист деп таниды, екіншісін «жалтарғаны» үшін айыптайды. Мұндай жағдайларда контрабанданы жалтарудан ажыратуға бағытталған түзетулер енгізу арқылы осы жағдайға заңнамалық араласудың шұғыл қажеттігі туындап отыр», - деді сенатор.

Сенатор осыған байланысты Үкімет мүшелеріне «контрабанда» және «жалтару» қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін ажыратуды, ЕАЭО елдерінен әкелінетін тауарларды есепке алу және бақылау процесін цифрландыруды, сондай-ақ тауарларды көлеңкелі әкетудің жолын кесу жұмысын күшейтуді ұсынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді