Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте қызметтік иттің көмегімен бір аптада жоғалған екі бала табылды

Шымкентте қызметтік иттің көмегімен бір аптада жоғалған екі бала табылды
Фото: polisia.kz

Шымкентте қызметтік иттің көмегімен бір аптада жоғалған екі бала табылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

30 мамыр күні Абай аудандық полиция басқармасының “102” арнасына 6 жасар қыздың жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен. Анасының айтуынша, оқушы қыз сабақтан кейін үйіне қайта оралмаған.

Хабарды алған Ювеналды полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар тез арада көрсетілген мекенжайға аттанған. Полицейлер көршілерден, мұғалімдерден сұрастырып, мектеп аумағын және бейнебақылау камераларын мұқият тексерген.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары қыздың қоғамдық автобусқа мініп, “Бекжан” базарының аялдамасында түскендігін анықтады.

Іздеу жұмыстарына Рекс есімді қызметтік иті бар кинолог-инспектор жұмылдырылды. Ол киім иісінің көмегімен жоғалған жасөспірімді жарты сағаттың ішінде тауып алды. Анықталғандай, қыз анасының ауруханаға баратынын біліп, соңынан еруге бел буған.Табылған бала аман-есен ата-анасына тапсырылды.

Айта кетейік, бір апта бұрын Рекс жоғалған 2 жасар бөбекті табуға көмектескен болатын.

Рекс Шымкент қаласы полиция департаментінде бір жылдан астам қызмет етіп, тәртіп сақшыларының адал көмекшісіне айналған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды