Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында жоғалған жасөспірім табылды

Ақмола облысында жоғалған жасөспірім табылды
Фото: polisia.kz

Ақмола облысында жоғалған жасөспірім табылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайты сілтеме жасап.

22 сәуір күні Астрахан аудандық полиция бөліміне аудан ауылдарының бірінде 15 жасар жасөспірім қыз жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. 21 сәуірде кешкі сағат 18:00 шамасында кәмелетке толмаған бала үйден шығып, қайтып оралмағаны, сонымен қатар байланысқа шықпағаны белгілі болды.

Тексеру барысында жасөспірім мен туыстарының арасында жасөспірімнің әлеуметтік желілерде ұзақ уақыт өткізуіне байланысты жанжал туындағаны анықталды. Нәтижесінде кәмелетке толмаған бала өз еркімен үйден кетіп қалған.

Тәртіп сақшылары адамның белгісіз бағытта жоғалып кету фактісін тіркеп, дереу іздеу шараларына кірісті. Астрахан АПБ қызметкерлері қыздың достары мен таныстарынан, такси және қоғамдық көлік жүргізушілерінен сұрақтарға жауап алып, Жалтыр станциясы және Атбасар қаласындағы бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеді.

Нәтижесінде жасөспірімнің ілеспе бағыттағы автокөлікпен Астанаға жетіп, одан әрі Көкшетауға кеткендігі анықталды.

22 сәуір күні полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында жасөспірімді Көкшетау қаласынан тапты. Қазіргі уақытта ол Астрахан ауданына жеткізіліп, туыстарына тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты