Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ресейге Қазақстан арқылы дрон жеткізілуі: қайталама санкциялар қаупі бар ма?

Ресейге Қазақстан арқылы дрон жеткізілуі: қайталама санкциялар қаупі бар ма?
Фото: pixabay.com

Қазақстан билігі Ресейге тыйым салынған тауарлардың экспорттау дерегін әлі анықтаған жоқ. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін БАҚ беттерінде Қазақстандық компания салынған санкцияларды айланып өтіп, Ресейге чиптер мен дрондар тасымалдап жатыр деген ақпарат тараған болатын.

«Мен қазір қандай компания туралы айтып отырғаныңызды білмеймін. Бірақ, қазір бізде тәуекелдерді басқарудың нақты жүйесі бар. Біз қайталама санкцияларға жол бермейміз. Оның ішінде соғыс қимылдарын ушықтыратын тауар түрлері де бар. Цифрларды қараңыз, онда миллиардтаған доллар жоқ, мүмкін бірнеше миллион долларға экспорттық операциялар болған шығар, бірақ біз тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы бұған жол бермейміз және бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған компаниялардың тыйым салынған тауарларды экспорттау дерегін әлі анықтаған жоқпыз», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін “Важные истории” басылымы Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығымен (OCCRP) және Der Spiegel неміс журналымен бірлесіп, Ресейдің Украинадағы соғысқа қажетті чиптер мен дрондарды Қазақстан арқылы алуына қатысты зерттеу жариялады.

Өткен аптада осы жаңалыққа қатысты пікір білдірген Жамаубаев тыйым салынған тауарлар анықталса, қажетті шараларды қабылданатынын айтқан.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді