Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Теміртау тұрғыны иттердің көрмесіне қатысам деп алданып қалды

Теміртау тұрғыны иттердің көрмесіне қатысам деп алданып қалды
Фото: pixabay.com

Теміртау тұрғыны иттердің көрмесіне қатысам деп алданып қалды. Ол 2,5 млн теңгесін алаяққа беріп қойды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 36 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны арызданды. Белгілі болғандай, жәбірленуші азаматша өзінің үй жануарын беделді иттер көрмесіне қатыстыруды армандаған. Бұл арманын жүзеге асыруға Қарағанды қаласының белгісіз бір тұрғыны көмектесемін деп уәде берген. Жаңадан танысқан адам жәбірленушінің сеніміне кірген. Бұл арманды орындаудың құны 2,5 млн теңге екенін айтқан. Жануарларды жақсы көретін жәбірленуші ақшасын аударған. Ақша аударғанымен арман орындалмаған.

Алаяқтың алдауына түскенін сезген азаматша бірден полицияға хабарласқан. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы азаматша ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ту көтеру рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті