Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысының полицейлері алаяқтық жолмен тұрғыннан ақша алған алматылық қызды анықтады

Түркістан облысының полицейлері алаяқтық жолмен тұрғыннан ақша алған алматылық қызды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ АПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз азаматша өзінің банктерден алған несиелерінің үстемақысын жойып беремін деп алаяқтық жолмен 100 мың теңге ақшасын алып, жоғалып кеткен. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеп, қылмыстық істі ашуға бірден кірісті.

Орын алған алаяқтық қылмысын тез арада ашып, күдіктіні құрықтау мақсатында ауданның қырағы полицейлерінен арнайы топ құрылып, жұмыс жасалды. Нәтижесінде полицейлер, күдікті қызды ұстап, бөлімшеге жеткізді. Ол Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматшаның бас шарасы қолхатпен босатылды.

Белгілі болғандай жәбірленуші азаматша күдіктімен интернет желісі арқылы танысқан. Содан соң ол түрлі жарнамаларды жіберіп, сеніміне кірген. Осылайша алаяқтық жолмен 100 мың теңге ақшасын алып, өзінің бас пайдасына жұмсап жіберген. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жақын таныс емес адамдарға сенбеу керектігін ескертеді. Несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге алданбаңыздар деп кеңес береді. Егер, сіз, алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыздар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді