Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Республика қалаларына 500-дей өкпені жасанды желдету аппараты жеткізілді

Бүгінгі таңда республика қалаларына 498 өкпені жасанды желдету аппараты жеткізілді. Оның ішінде  Нұр-Сұлтан қаласына 126 дана, Алматыға 64 дана, Шымкентке 156 аппарат жеткізіліп, қажеттіліктері толық өтелді. Сондай-ақ, Ақмола облысы 3, Алматы облысы 32, Ақтөбе облысына 25, Қызылорда облысына 53 және Павлодар облысына 39 ӨЖЖ аппаратын алды. Тағы да осындай 276 аппарат Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Түркістан және Қарағанды облыстарына беріледі, деп хабарлайды kazlenta.kz.


377 ӨЖЖ аппараты стендті сынақтардан өтіп жатса, 349-ы жіберуге дайын. 


Жалпы биылғы 15 қазанға дейін еліміздің барлық өңіріне 1,5 мыңдай ӨЖЖ аппаратын жеткізу жоспарланып отыр. 


Қазақстанда мемлекеттің қатысуымен «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС (Нұр-Сұлтан қаласы) және «Тыныс» АҚ (Көкшетау қаласы) кәсіпорындары өкпені жасанды желдету аппаратын шығарады. Бұл кәсіпорындар - «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының еншілес ұйымдары. 


Коронавирус пандемиясына байланысты елде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға орай ӨЖЖ аппараттары жетіспеушілігін ескеріп, «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС қысқа уақыт ішінде өкпені жасанды желдететін стационарлық аппараттар өндірісін игерді. Ал «Тыныс» АҚ «Көкшетау-4П» ӨЖЖ 680 мобильді аппаратын шығарады. Медицина мамандарының пікірінше, аппарат қолдануға ыңғайлы әрі сенімді және электр қуатына тәуелді емес. Кәсіпорынның өндірістік қуаты айына 500 ӨЖЖ аппаратын шығаруға жетеді.


Одан бөлек, «Тыныс» АҚ ӨЖЖ портативті аппараттарын, «Көкшетау 3» медициналық бұйымдардың түрлі номенклатурасын, оның ішінде көп реттік бетперделерді, мүгедектерге арналған арбаларды және т. б. заттарды шығарып жатыр.


Бұл кәсіпорындардың негізгі қызметі Қазақстан Республикасының және өзге де елдердің Қарулы Күштерінің қажеттіліктері үшін жоғары технологиялық өнімдер шығаруға бағытталған. Ал ӨЖЖ өндірісі медициналық мекемелердің қажеттіліктерін өтеуге бағытталған мемлекеттік тапсырыс аясында жолға қойылды.

 
Кәсіпорындар қосымша қажеттілік туындаған жағдайда медициналық техника мен кез келген өнімді қажет мөлшерде өндіріп, жеткізе алады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді