Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматылықтар "Көктөбеге" кіру құнының күрт өскеніне наразылықтарын білдірді

Алматылықтар
Фото: weatlas.com

Алматылықтар «Көктөбеге» көлікпен кіру ақысының күрт қымбаттап кеткеніне шағымданды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Желіде Көктөбенің жоғарғы станциясына дейін көлікпен жүру бағасына шағымданған әйелдің видеосы тарады.

«Бұл масқара, ұят жағдай. Мына жерден өткенде кішкентай әріппен жазылған жазу тұр, ол дұрыс көрінбейді. Қараңыздар, 7 мың және 200 теңге айырмашылық бар (Омаров, 41 мекенжайындағы паркингке кіру – ред.). Егер айырмашылығы 10 есе, құны 2000 теңге болса түсінер едім. Бірақ, бұл 7 мың теңгеге не істейсіздер? Күніне бұл жерден кем дегенде 200 көлік өтеді. Бұл ақшаны не істейсіздер сонда?» деп шағымданды Алматы тұрғыны.

«Көктөбе» әкімшілігінің хабарлауынша, паркингке кіру құны 1 мамырдан бастап өскен.

«Бұрын құны 5 мың теңге болған, қазір 7 мың теңгеге өсті. Сондай-ақ, прайсқа сәйкес паркингке (төменгі станция) кіру құны - 500 теңге, парк аумағына мопед немесе мотоциклмен кіру құны – 1500 теңге, микроавтобуспен кіру – 15-25 мың теңге арасында» делінген хабарламада.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты