Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Азық-түлік бағасы бір жылда 24%-ға қымбаттады

Биылғы қараша айының қорытындысы бойынша азық-түлік тауарлары бір айда 1,8%, бір жылда 24,1%-ға қымбаттады, деп хабарлайды energyprom.kz-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz


Ай сайынғы динамика бойынша азық-түлік тауарлары бағасының ең көп айлық өсімі Ұлытау облысында байқалды: 2,4%. Одан кейін елорда мен Жамбыл облысында да айтарлықтай өсті: әр өңірде 2,2%. Жылдық динамика бойынша сектордағы бағаның ең көп өсуі Маңғыстау облысында тіркелді: бірден 31,4%. Ақтөбе облысы мен Шымкент екінші және үшінші орында: әр өңірде 25,8%. Ең аз жылдық өсім Шығыс Қазақстан облысында тіркелді: «бар болғаны» 22,6%.


Жемістер мен көкөністер бір жылда 17,4% қымбаттады. Оның ішінде жаңа піскен жемістердің құны бір жылда 18,9%, көкөністер 11% өсті.

Жемістер ішінде банан бірден 45,8% қымбаттап килосы 867 теңгеге, апельсин — 26,2% қымбаттап килосы 959 теңгеге, алма — 11,3% қымбаттап килосы 528 теңгеге, лимон — 8,6% қымбаттап килосы 1,2 мың теңгеге, кептірілген өрік — 65,4% қымбаттап килосы 3,8 мың теңгеге жетті.


Көкөністердің ішінде қияр жылына бірден 30,8% қымбаттап килосы 691 теңгеге, пияз — 26,5% қымбаттап килосы 116 теңгеге, қызанақ — 14,4% қымбаттап килосы 678 теңгеге, картоп — 9,9% қымбаттап килосы 155 теңгеге жетті. Ақ қырыққабат (16,5%), сәбіз (4,6%) және қызылша (1,3%) арзандады.


Қараша айында сүт өнімдерінің бағасы бір жыл ішінде 30% өсті. Оның ішінде ішетін сүт — 30,3%, сүт консервілері — 42,2%, ашытылған сүт өнімдері — 31,4% қымбаттады.


Майлылығы 2,5% пастерленген сүт орташа есеппен литрі 331 теңгеден, майлылығы 3,2%–4% литрі 417 теңгеден, қаймақ 1 кг 1,7 мың теңгеден, айран литрі 365 теңгеден, сүзбе 1,9 мың теңгеден, қатты ірімшік 4,4 мың теңгеден сатылды.


Ет, оның ішінде ет өнімдері бір жылда 16,1% қымбаттады. Сауда орындарында сүйегі бар сиыр етінің килосы орташа есеппен 2,4 мың теңге, қой еті — 2,7 мың теңге, шошқа еті — 2,1 мың теңге, жылқы еті — 3 мың теңгеден сатылуда. Тауық етінің килосы — 1,4 мың теңге, тауық еті — 1,2 мың теңге, қайнатылған шұжық — 2,6 мың теңге, жартылай ысталған шұжық — 3,1 мың теңге.

Бірінші санаттағы жұмыртқаның он данасы орташа есеппен 468 теңге тұрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 20% қымбат.


Бір жылда нан 19,3%, жарма 36,8%, макарон өнімдері 42,2%, ұн 43,7% қымбаттады. Жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының келісі 349 теңгеден, бірінші сұрыпты ұн 197 теңгеден, қара бидай нанының келісі 421 теңгеден сатылды. Жоғары сұрыпты бидай ұны келісіне 373 теңге, бірінші сұрып — 243 теңге, рожки — 552 теңге, вермишель — 561 теңге, кеспе — 1,1 мың теңгеден сатылды.

Дәнді дақылдардан арпа — 44,5% қымбаттап килосы 368 теңге, қарақұмық — 38,2% қымбаттап килосы 718 теңге, сұлы — 37,5% қымбаттап 606 теңге, жарма — 37,1% қымбаттап 450 теңге, күріш — 33,5% қымбаттап 489 теңге, тары — 25,2 пайыз қысбаттап 470 теңге болды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді