Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында қатты дауылдан әлі екі аудан тұрғындары жарықсыз отыр

Түркістан облысында қатты дауылдан әлі екі аудан тұрғындары жарықсыз отыр
Фото: pixabay.com

Түркістан облысында дүлей дауылдан әлі екі аудан тұрғындары жарықсыз отыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Бәйдібек пен Сауран аудандарында екі мыңнан аса абонент электр желісіне қосылмады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Электр желілерін жөндеу жұмыстарына «Оңтүстік жарық» мекемесінің 6 бригадасы – 48 адам мен 4 техникасы жұмылдырылған.

Сайрам, Сауран, Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Төлеби, Түлкібас, Созақ аудандары мен Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында желдің екпіні әлі басылар емес.

Облыстық ТЖД-да арнайы штаб құрылып, арнайы комиссия жұмысқа кірісті. Аймақтағы су нысандары мен қоймаларында тәуліктік кезекшілік жүргізіліп, бақылауға алынған.

Табиғаттың тосын мінезіне байланысты Кентау қаласындағы барлық білім ошақтары қашықтан оқытуға көшіріліп, балабақшалар уақытша жұмысын тоқтатты. Базарлар мен сауда орталықтарының және халық көп шоғырланатын нысандардың жұмысына шектеу қойылды. Аудан, қалалардың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшкен.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады