Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысының тұрғындары полицияға 37 қару өткізді

Павлодар облысының тұрғындары полицияға 37 қару өткізді
Фото: gov.kz

Павлодар облысының аумағында 10 сәуірден бастап халықтан заңсыз қаруды сатып алу акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Оның шеңберінде құжаттарсыз және тіркеусіз сақталған қаруды тапсыру арқылы өтемақы алуға болады. Жақын маңдағы полиция бөліміне ерікті түрде қару берген азаматқа 100 АЕК дейін сыйақы беріледі.

– Акция басталғаннан бері өңір тұрғындарынан 37 бірлік мылтық қаруы және 13 мыңға жуық оқ қабылданды. Қару баллистикалық сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша сыйақы төлеу туралы шешім қабылданады, – деді Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Борис Әлімбаев.

Мысалы, Павлодар қаласының полициясына ер адам 5,6 калибрлі  мылтыққа 6150 оқ тапсырды. Ер адам оларды Ертіс өзенінің бойынан, Кенжекөл ауылының маңынан ағаш жәшіктен тапқанын түсіндірді. Осыдан кейін БАҚ-тан мемлекет халықтан қаруды өтеулі негізде қабылдайтынын біліп, оқтарды полицияға өз еркімен тапсыруға шешім қабылдады. Төлемнің болжамды соммасы 184 500 теңгені құрады.

Ал Успен ауданының тұрғыны пеш құбырын жөндеу кезінде үйінің шатырынан тапқан ИЖ-17, 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтығын тапсырды. Болжам бойынша мылтық шамамен 15 жыл бұрын Германияға тұрақты тұруға кеткен бұрынғы иелерінен қалған. Төлем сомасы 72 450 теңгені құрады.

– Егер сізде немесе туыстарыңызда тіркелмеген қару болса, оны тапсыру керектігін еске саламыз. Ол үшін жазбаша өтініш жазып, тұрғылықты жері бойынша полиция органдарына тапсыру керек, – деді Борис Әлімбаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды