Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да 16 жастағы студенттен қару тәркіленді

Облыс аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Облыс аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Полицейлер қала көшелерін патрульдеуде. Атыс және суық қаруды және тыйым салынған заттарды алып жүру және тасымалдау фактілерінің жолын кесуде. Іс-шара басталғаннан бері заңсыз алып жүру мен сақтаудың 10 фактісі анықталды.

Жедел алдын алу шарасы барысында колледждің 16 жасар студентінен тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді.

Кәмелетке толмаған бала 2021 жылдың қазан айында үйінің шатырынан қапқа оралған мылтық тапқан, тауып алғанын анасына айтып берген.

Полицейлер әлеуметтік желілерді тексеру барысында қаруды заңсыз сақтаған жасөспірімді анықтаған, ол өз аккаунтында мылтықпен түскен суретін жүктеп қойған.

Мекен-жайға келген полицейлер кәмелетке толмаған баланың үйінен осы мылтықты тәркілеген. Сарапшының қорытындысына сәйкес бұл қару 12 калибрлі аңшылық патрондармен ату үшін жарамды және 12 калибрлі тегіс ұңғылы атыс қаруы болып табылады. ҚР ІІМ БДБ базасының есебі бойынша аталған мылтық тіркелген және криминалдық қару ретінде көрсетілмейді.

Кәмелетке толмаған 37 жастағы анасына қатысты ҚР ӘҚБтК - нің 482-бабының 1-бөлігі «жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оның санкциясымен 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл көзделген.

Полиция департаменті азаматтарға қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады. Құқық тәртібін бұзу фактілері туралы полицияға дереу хабарлауыңызды сұраймыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді