Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады

Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Акбаржон Исмаилов пен Аурика Дякты құттықтап, олардың мол тәжірибесі жаңа жауапты қызметті атқаруға септігін тигізетініне сенім білдірді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Президентке ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Ассамблеяның алдағы XXXII сессиясына дайындық барысы жөнінде есеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірлік пен тұрақтылық қоғам өмірінің барлық саласында жүргізіліп жатқан кешенді реформалардың табысты болуының басты шарты екенін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, Ассамблея  бұл міндетті жүзеге асыруда айрықша рөл атқарады.

Президент барлық этникалық топ өкілдері арасында өзара түсіністікті нығайту және Қазақстан халқын одан әрі ұйыстыру үшін жаңа тәсілдер мен жасалатын нақты қадамдардың маңызды екеніне назар аударды.

Президент ҚХА жұмысының маңызды бағыттарын атап өтті. Сондай-ақ Ассамблеяның алдағы сессиясында идеологиялық және практикалық сипаттағы бірқатар маңызды мәселе көтерілетінін айтты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді