Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" басшысы қызметкерлерінің жалақысы қанша екенін айтты

"Самұрық-Қазына" қорында басқарушы персоналдар үшін төленетін жалақы көлемі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтқан, деп хабарлайды kazlenta.kz

"Квазимемлекеттік сектор субъектісі ретінде қор қызметкерлерінің жалақысын мемлекеттік қызметшілердің жалақысымен салыстыруға келеді. Үш деңгейлі жалақы деген түсінік жоқ. Сонымен қатар "Самұрық-Қазына" қорында әділ еңбекақы төлеу жүйесі бойынша нақты ережелер әзірленді. Оның ішінде негізгі және жыл қорытындысы бойынша берілетін сыйақы төлеу де бар. Жалақы мен сыйақы тағайындауда жұмысшының жеке және корпоративтік қызмет көрсеткіштері ерекше ескеріледі", - деді Сатқалиев.

Оның айтуынша, жалақы мәселесі толығымен қордың директорлар кеңесінің құзыретіне жатады.

"Бізде басқарушы персонал орта есеппен 950 мың теңге, ал менеджерлер шамамен 400 мың теңге жалақы алады", - дейді ол. Сондай-ақ, "Самұрық-Қазына" басшысы қорды реформалаудан кейін қызметкерлер саны 248-ден 124-ке дейін қысқарғанын айтты. Оның ішінде басшылар саны екі есе, яғни 10-нан 5-ке дейін азайған. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшілері соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады