Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Болат Жәмішев "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінің құрамына кірді

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы қоғамдық кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев директорлар кеңесінің мүшесі, қордың тәуелсіз директоры болып сайланды, деп хабарлайды қор ресми сайтында. 

"Қоғамдық кеңес басшысын директорлар кеңесінің құрамына қосу - "Самұрық-Қазына" қорының қызметіне бақылауды күшейту бағдарламасының бір бөлігі", - делінген хабарламада. "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының қоғамдық кеңесі өткен жылы желтоқсан айында кандидаттарды ашық конкурспен іріктеу арқылы құрылған. Оның құрамына он адам кіреді: азаматтық қоғамның жеті өкілі, қордың үш өкілі.

"Кеңес бас қордың, оның портфельдік компанияларының да қызметіне қоғамдық бақылау жүргізеді. Кеңес мүшелерінің жұмысы қоғамдық бастамалар негізінде жүзеге асады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Болат Жәмішев әр жылдары қаржы министрі, өңірлік даму министрі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, Қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы, Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. Ол - экономика ғылымдарының кандидаты. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады