Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жаңаөзендегі жарылған үйде неше адам болғаны белгісіз - министрлік

Жаңаөзендегі жарылған үйде неше адам болғаны белгісіз - министрлік
Фото: ҚР ТЖМ

Жаңаөзендегі жарылыс болған үйдің толығымен қираған подъезінде неше адам болғаны әзірге белгісіз. Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Жаңаөзенде жарылыстан тұрғын үйдің бір подъезі толығымен қирағаны айтылды. Тұрғындардың айтуынша, ол подъезде 30 шақты адам болған. Ал сіз санамалап өткен ресми ақпарат бойынша, 14-15 адамның ғана есебі шығып тұр. Қалған адамдар қайда?» деп сұрады БАҚ өкілі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі апат болған үйдің тұрғындары әлі түгенделіп жатқанын айтты.

«Жергілікті атқару органдары бойынша біз қазір бүкіл есепке алу жұмысын жүргізіп жатырмыз. Бірінші кезекте ол жердегі адамдарды құтқару бойынша тікелей жұмыс жасадық. Бізге келіп түсіп жатқан мәлімет бойынша 14 адам бар. Ал тұрғылықты мекенжайда неше адам тіркелгенін, қанша адам нақты тұрғанын анықтап жатырмыз. Соны есептеп болғаннан кейін қосымша мәлімет береміз. Ал қазіргі таңда әлі де құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Үйіндінің астынан тағы басқа адам табылып жатса, қосымша хабарлаймыз. Тазалау және анықтау жұмысы әлі жүріп жатыр», - деді Нұрболат Дербісов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты