Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылордада тұрғын үй толығымен жанып кетті

Қызылорда қаласында тұрғын үй толығымен жанып кетті. Өрт сөндірушілер жалын ішінен 50 литрлік газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне бүгін, 13 шілде сағат 00:23-те облыс орталығындағы М. Дулатов көшесінде орналасқан тұрғын үйдің жанып жатқаны жөнінде хабарлама түсті.

Аталған шақырту бойынша оқиға орнына өрт сөндіру қызметі шықты. «Барлау жұмыстарының нәтижесінде каркастан салынған тұрғын үйдің және ауладағы тұрмыстық заттардың өртенгені анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылының арқасында жақын орналасқан тағы бір тұрғын үйдің өртенуінің алдын алудың мүмкіндігі туды. Өртенген үй ішінде адам болмаған. Өрт ішінен 50 литрлік газ баллоны шығарылды.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова. Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада сұйық зат тиелген шетелдік жүк көлігі жанып кетті.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді