"АрселорМиттал Теміртауға" қатысты кезекті бұзушылықтар анықталды. Бұл жөнінде Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ірі салық төлеушілерге қатысты жүргізіліп жатқан салықтық әкімшілендіру шеңберінде "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамында 2019 жылға корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын төмендеткендігі анықталды.
Осы жылдың наурыз айында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ апелляциялық шағымын қарау барысында Қарағанды облыстық соты Департаменттің дәлелдерін қолдады және әкімшілік айыппұл күшінде қалды.
2022 жылдың қараша айында Департамент қызметкерлері 2017 жыл үшін осындай бұзушылықты анықтаған болатын, бюджетке 1,3 млрд теңге көлемінде айыппұл толық көлемде өндірілді.
2017 және 2019 жылдары анықталған бұзушылықтар бойынша айыппұлдың жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеден асты.