Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өткен жылдың салығын төлемегендерге 20 мың теңге айыппұл салынатыны рас па?


Әлеуметтік желілерде өткен жылдың салығын төлемегендерге 20 мың теңге айыппұл салынады деген хабарлама тараған болатын. Мемлекеттік кірістер комитеті бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Соңғы кездері әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өткен салықтық кезеңдер үшін берешегі бар азаматтар борышын осы жылдың 1 қазанына дейін өтемесе, оларға 8 АЕК (шамамен 20 000 теңге) көлемінде айыппұл салынатыны туралы хабарламаға тараған.


Алайда қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.


"Жеке тұлғалар бюджетке жер және мүлік салықтарын өткен жыл үшін осы жылдың 1 қазанына дейін төлеуі тиіс. Көлік салығы осы жыл үшін 31 желтоқсанға дейін өтеледі.

Қолданыстағы ҚР салық заңнамасында айыппұл есептеу шаралары көрсетілмеген. Тек салықты уақытылы төлемеген жағдайда өткізілген әр күнге өсімпұл есептеледі", – делінген мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, ведомство осы жылдың соңына дейін жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық процесі жүріп жатқанын атап өтті.


Оның ережесіне сәйкес, жеке тұлға берешегінің негізгі сомасын өтеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде жойылады.


Көрнекі сурет: pixabay.com

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты