Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«АрселорМиттал Теміртау» газға көшеді

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ компанияның металлургия комбинатына тауарлық газ жеткізу туралы шарт жасасты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Ақтөбе РГС» ЖШС мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ компанияның металлургия комбинатына тауарлық газ жеткізу туралы шарт жасасты. Жеткізу көлемі жылына 300 млн м3-ден 600 млн м3-ге дейін болады, шарттың қолданылу мерзімі кемінде 15 жыл мерзімге есептелген», – деп жазылған ресми хабарламада.

Шартқа қол қою рәсіміне «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наир және «Ақтөбе-РГС» ЖШС директоры Кактаева Нургул Турагуловна қатысты.

– Металлургиялық комбинатты табиғи газға көшіру және компаниядағы басқа да экологиялық іс-шаралардың маңызды экологиялық әсері қоршаған ортаға зиянды шығарындылар көлемінің едәуір азайуы мен осы көрсеткіш бойынша комбинаттың батыс еуропалық өнеркәсіптік кәсіпорындар деңгейіне шығуы болады. «Сарыарқа» магистральдық газ құбырына қосылу арқылы жұмысты табиғи газға көшіру шығарындылардың негізгі себебі болып табылатын энергетикалық көмір, мазут және басқа да отын түрлерін пайдалану көлемін азайту бойынша бірқатар жобаларды іске асыруға кірісуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наир.

Естеріңізге сала кетейік, биыл ҚР Үкіметі мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын, оның шарттарына сәйкес «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шығарындылар мәселелерін шешуді қоса алғанда, өндірісті жаңғыртуға жұмсалатын инвестиция көлемін заманауи деңгейге дейін айтарлықтай арттыруы тиіс. Инвестициялық келісімшарт аясындағы жиынтық көлем келесі 10 жыл ішінде кемінде $3 млрд құрайды, бұл соманың үлкен бөлігі келісімнің алғашқы бес жылында инвестицияланады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді