Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" 1,3 млрд теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды

Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ 1,3 млрд теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті ресми Telegram-арнасында хабарлады. 

Ведомствоның мәліметінше, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ірі салық төлеушілерге қатысты жүргізіліп жатқан салықтық әкімшілендіру аясында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-да аванстық төлемдер сомасын төмендету дерегі анықталған.
"2017 жыл бойынша камералдық мониторинг жүргізу кезінде корпоративтік табыс салығы бойынша нақты есептелген салықтан аванстық төлемдер сомасы төмендетілгені белгілі болды. Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 278-бабының 3-тармағы бойынша 1,3 млрд теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл сомасына әкімшілік материал дайындалды. Материалдар әкімшілік сотқа жіберілді", - дейді Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері. 
21 желтоқсанда Қарағанды облыстық соты "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қатысты апелляциялық шағымды қараған. Алайда әкімшілік айыппұл бәрібір күшінде қалған. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшілері соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады