Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" зауытындағы жұмысшылар қазасынан соң екі басшы қамауға алынды

Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында абайсызда төрт адамның өліміне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзды деген күдікпен екі басшы қамауға алынды, деп хабарлайды Kazlenta.kz.

Қарағанды облысында төрт адамның өліміне әкеп соққан төтенше жағдайды тергеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Арнайы комиссия да құрылды. Қылмыстық істі тергеу барысында кәсіпорын қызметкерлерінен, оның ішінде өндірістегі қауіпсіздік техникасы үшін жауапты адамдардан жауап алынды.

"Қылмыстық кодекстің 277-бабында көзделген қылмыс жасады деген күдікпен (Абайсызда екі адамнан көп адамның өліміне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) қауіпсіз жұмыстарды жүргізуге жауапты екі басшы ұсталды. Теміртау тергеу соты аталған тұлғаларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
 
Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Еске салайық, "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында төрт адамның өліміне әкеп соққан оқиға жұмыс істемейтін жылу пешіндегі отқа төзімді кірпішті бөлшектеу кезінде болған еді. ТЖ салдарынан төрт адам қаза тауып, бір адам ауруханаға жатқызылды. Көп ұзамай аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді