Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада бір түнде бірнеше көлік ұрлаған адам ұсталды

Астана тұрғыны бір түнде бірнеше автокөліктен ұрлық жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қасілтеме жасаған kazlenta.kz

Полицияға бірден елорданың бірнеше тұрғыны хабарласып, белгісіз біреулер Мұстафин көшесіндегі үйдің жанында тұрған көліктердің терезелерін сындырып ұрлық жасағаны туралы арызданған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікті ұсталды. Ол елорданың 20 жастағы тұрғыны болып шықты. Анықталғанындай, түнгі уақытта сағат 04.30 шамасында қаскүнем мас күйінде, тұрақта тұрған «Honda Accord» маркалы автокөлікте дабыл жүйесінің жоқтығын байқап, алдыңғы әйнекті таспен ұрып сындырған.

Ол көлікке кіріп, тұрмыстық химиялық заттарды ұрлаған. Бірақ бұл оған жеткіліксіз болып көрінді және ол тағы үш көліктен дәл осылай ұрлық жасаған. Жас жігіт қолына түскеннің бәрін ұрлаған: автомагнитоладан бастап балық аулайтын қармақ пен күннен қорғайтын көзілдіріктерге дейін алып кеткен.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адам кінәсін мойындады, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді